Жеңіске - 75 жыл: Байқоңырда ардагерлерге медаль табысталды

© Sputnik / Абзал КалиевВетераны на праздновании Дня Победы
Ветераны на праздновании Дня Победы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала әкімшілігінің өкілдері ардагерлерге қонаққа барып, құттықтап қайтты. Сегіз ардагерге мерейтойлық медаль табысталды

ҚЫЗЫЛОРДА, 22 сәуір — Sputnik. Байқоңырда тыл ардагерлеріне ""1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл" мерейтойлық медалі табысталды. 

Сондай-ақ ардагерлерге азық-түлік пен Ресей президенті Владимир Путиннің құттықтауы жеткізілді.

"Байқоңыр қаласының басшысы Константин Бусыгин ұлы жеңіске қосқан үлесі үшін оларға алғыс білдірді. Денсаулық пен ұзақ өмір тіледі", - деп хабарлады әкімдіктің БАҚ-пен байланыс бөлімі.

Байқоңырда барлығы сегіз тыл еңбеккері медаль алды. 

Жуырда қайтыс болған ардагерлерге арналған құттықтау туыстарына табысталатыны хабарланды.

Тағы оқыңыз:  "Әйеліме беріңіздер": жауынгердің 75 жыл бұрын жазған хаты табылды - фото

 

Жаңалықтар
0