Мәңгілік полк шеруі, Алматы

Көпшілік біле бермейтін Ұлы Отан соғысының батырлары

289
(Жаңартылды 14:23 05.05.2020)
Ұлы Отан соғысы жылдарында "Кеңес одағының батыры" алтын жұлдызымен Қызыл армияның 11 657 жауынгері мен офицері марапатталса, 3 051 адамға қаза болғаннан кейін осындай құрмет көрсетілді

Соғыс жылдарында ерлік құрлық пен теңізде, әуеде жасалды. Батырлардың бәрін көпшілік біле бермейді. РИА Новости олардың кейбірін еске түсіреді. 

Танкист

Гвардия капитаны Владимир Бочковский – танк шайқасының нағыз маманы. Соғыс жылдарында ол жаудың 36 танкісін жойды. Төрт рет ауыр жараланып, бес рет отқа оранса да аман қалған.

1944 жылы 21 наурызда 1-ші гвардиялық танк бригадасы батальоны командирінің орынбасары, капитан Бочковский жауынгерлерді шабуылға өзі бастап барып, Требна өзеніндегі жаудың плацдармын басып алды. Оның танктері дұшпанның 16 зеңбірегі мен төрт шабуылдау қаруын және 200-ден астам машинасын қара темірге айналдырды. Ертеңінде немістер қарсы шабуыл жасаймыз деп үш танк пен бес минометін, 50-ге жуық бронетранспортер мен бір взвод солдатын жоғалтты. Осы ерлігі үшін Владимир Бочковский батыр атағына ие болды.

1945 жылы 15 қаңтарда Висло-Одерск шабуылы кезінде Бочковскийдің танкісі немістің "жолбарыс" танктері тиелген теміржол эшелонын аударып тастады. Танкист осы ерлігі үшін екінші Алтын Жұлдызға ұсынылды. Бірақ соңында награда 3 дәрежелі Суворов орденіне ауыстырылды.

Ұшқыш

Анатолий Недбайло жауынгерлік авиациядағы ең үздік шабуылдаушы-ұшқыштардың бірі болды. Ол өзінің Ил-2 ұшағымен 220-дан астам шабуыл жасады.

Недбайло ұрыс алаңында ондаған танкті, жау тылындағы жүздеген нысанды және сансыз фашисті жойды. Миусс, Донбасс, Мелитополь, Никополь-Криворож, Қырым, Витебск-Орша, Минск, Вильнюс, Каунас, Мемель, Шығыс Пруссия, Кенигсберг және Земланд операцияларына қатысты.

Капитан 1945 жылдың сәуір-маусым айында екі рет Кеңес одағының батыры атағына ие болды. 

Оқи отырыңыз: Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаев туралы не білеміз?

Оның Ил-2 ұшағын үш рет атып түсірді. Соның бірінде шабуылдаушы ұшағы жерге құлап, ұшқыш есін жоғалтады. Оны жаяу әскерлер тауып, шығарып алғаннан кейін бірнеше секундтан соң ұшақ отқа оранған. Недбайло қызметке бір жарым айдан кейін оралды.

Теңізші

Капитан-лейтенант Валентин Стариков Солтүстік флотта қызмет етіп, "Малютка" M-171 сүңгуір қайығын басқарды. Оның экипажы 23 жауынгерлік тапсырма орындап, жаудың 13 кемесін талқандады.

Сүңгуір қайық жаудың жақсы қорғалған теңіздегі әскери базаларына екі рет кірді. 1941 жылдың 2 қазанында М-171 жасырын жолмен Линахамари айлағына өтіп, жаудың су көлігіне торпедо жіберу арқылы екі техникасын жойды.

1942 жылдың қаңтарына дейін М-171 жаудың жеті кемесін қиратты. Ал сәуір айында кеме экипажы "гвардиялық" құрметті атағына ие болды. Командирге Кеңес одағының батыры атағы берілді.

Оқи отырыңыз: 17 жасында майданға аттанған Әлия Молдағұлова туралы қызықты деректер

Зеңбірекші

Аға сержант Геннадий Барыков соғысты атқыштар полкінде құрыш бұзушы ретінде қарсы алып, Орталық, Брянск және Оңтүстік-Батыс майданында соғысты, Курск бағытында неміс танктерін өртеп жіберді. 1941 жылы желтоқсанда ауыр жараланады.

Жауынгер денсаулығын түзеп, қайта даярлаудан өтті. 1943 жылдың шілдесінен бастап 753-ші атқыштар полкінің 76 миллиметрлік зеңбіректер батареясын басқарды. Ол жеңісті Шығыс Пруссияда қарсы алды.

1945 жылы 6 сәуірде Варген селосының маңында жаудың қорғанысын бұзу кезінде ол үш зениттік қару мен бес пулеметті жойып, жиырма шақты жауынгер өлтірді.

Ертеңінде Геннадий неміс танктерінің шабуылына қарсы шықты. Ұрыста пулеметші мен оқ салатын жауынгер ауыр жарақаттанды. Аға сержант жолдастарын ауыстырып, жалғыз өзі екі ауыр танк пен төрт 76 миллиметрлік зеңбіректі жойып жіберді. Ал оқ-дәрілер таусылғаннан кейін ол қолына қару алып, жаяу әскермен бірге шабуылға шықты.

Оқи отырыңыз: Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов жайлы не білеміз?

1945 жылы маусымда аға сержант Геннадий Барыковқа осы шайқас үшін Кеңес одағының батыры атағы берілді.

Жаяу әскер жауынгері

Гвардия аға лейтенанты Михаил Кузнецов Ұлы отан соғысының алғашқы күндерінен бастап жаумен шайқасты. Ол бірнеше жауынгерімен қоршалған Брест қамалынан таңғаларлық жағдайда босап шықты.

Ол 1941 жылдың тамыз айынан бастап Батыс майдандағы 537-ші атқыштар полкінің миномет ротасының саяси жетекшісі лауазымын атқарды. Қарашада Оңтүстік батыс майданындағы 622-ші атқыштар полкіне ауыстырылған Кузнецов өзін жақсы барлаушы ретінде көрсетті. Жау тылына түнгі рейдтерге барып, диверсия ұйымдастырып, тұтқындарды қолға түсірген. Желтоқсанда штабқа алтыншы "тілді" тапсырғаннан кейін, автоматшылар ротасының командирі болады.

1942 жылдың 20 қарашасында Кузнецовтың автоматшылары Средне-Царицынский қыстағына шабуыл кезінде ерекше көзге түсті. Рота фашистік колоннаның тылына байқатпай кіріп, артиллериялық дивизионның бүкіл жеке құрамын қырып салып, командирді штаттық құжаттар, 16 зеңбірек және 96 атпен қоса тұтқынға алады.

Оқи отырыңыз: 21 жасында Кеңес одағының батыры: Сағадат Нұрмағамбетов туралы мәлімет

Рейд мұнымен аяқталған жоқ. Кузнецов екі автоматшыны қолға түскен неміспен штабқа жібереді де, өзі артиллерияны пайдаланып, қыстақтағы фашистерге шабуыл жасауға шешім қабылдайды. Оның жауынгерлері зеңбіректерден жау бекіністеріне оқ жаудырып, оларды тез басып алды - немістер өз тылынан жасалған шабуылға дайын болмай шықты. Сөйтіп, автоматшылар 15 минут ішінде Средне-Царицынский қыстағын жаулап алды.

Осылайша олар жаудың жаяу әскер батальонын жойып, 27 зеңбірек, 196 ат, 27 қол пулеметі, төрт миномет, 17 автомат, жеті автокөлік пен оқ-дәрілер қоймасын қолға түсірді. Ал автоматшылар ротасы ешқандай шығын шеккен жоқ.

Осы шайқаста көрсеткен ерлігі үшін аға лейтенант Михаил Кузнецов 1943 жылдың ақпан айында" Кеңес одағының батыры" алтын жұлдызына ие болды. Марапат парағында атап көрсетілгендей, сол кезде офицер 88 фашисті өлтірді, майдан шегінен 64 "тілді" жеткізді және бес рет жараланған.

289
Кілт сөздер:
Ұлы Отан соғысы, Жеңіс күні
Тақырып бойынша
Әкесін құтқару үшін майданға аттанды: Мәншүк Мәметова туралы не білеміз?
Бүгін Қасым Қайсеновтің туған күні: қазақтың қас батыры туралы қызықты деректер
9 мамыр: Ұлы Отан соғысында Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі
Бүгін даңқты батыр Бауыржан Момышұлының туған күні
Тоқаев майдангер әкесі туралы: Соғыс жайлы айтқысы келмейтін
Церемония возложения цветов к Могиле Неизвестного солдата 2020 год

Тоқаев Жеңіс парадынан кейін "Белгісіз солдат" қабіріне гүл шоғын қойды

67
(Жаңартылды 18:35 24.06.2020)
Мәскеуде қызыл алаңда Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығын атап өтуге арналған әскери парад аяқталды

АЛМАТЫ, 24 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин шет мемлекет басшыларымен бірге Мәскеудегі Жеңіс парадынан кейін "Белгісіз солдат" қабіріне гүл шоғын қойды. Салтанатты рәсімге Қазақстанның көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. 

1941-1945 жылдары болған Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне арналған әскери парад Қызыл алаңда өтті.

Шеруден кейін Владимир Путин басқа мемлекеттерден шақырылған құрметті қонақтармен бірге Александров бақшасына гүл қою рәсіміне көшу үшін трибуна маңынан өтті.

Белгісіз кеңес жауынгерінің мәйіті Мәскеу маңындағы бауырластар зиратынан көшіріліп, 1966 жылы Александров бағында салтанатты түрде қайта жерленді. Келесі жылы мұнда мемориал ашылды, ол жерде "Мәңгілік алау" негізгі элемент болып тұр.

24 маусымда Мәскеудегі Жеңіс парадына 14 мыңнан астам әскери қызметші қатысты, сонымен қатар 234 тарихи және қазіргі заманның жердегі әскери техникасы жұмылдырылды.

Қызыл алаңнан Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттерінің әскери қызметшілері жүріп өтті.

Кремльде парадқа шақырылған мемлекет басшыларына арналған қабылдау өтті.

Путин мәртебелі меймандарды Мәскеуде қуана қарсы алғанын айтты.

 

67
Кілт сөздер:
Мәскеу, гүл, Жеңіс күні, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Путиннің Екінші дүниежүзілік соғыс туралы мақаласын жоғары бағалады
Жеңіс парады: Тоқаев қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті - видео
Қырғызстан президенті Мәскеуге ұшып барғанымен Жеңіс парадына қатысқан жоқ
Назарбаев COVID-19 жұқтырды: Елбасының денсаулығына қатысты ақпарат шықты
Біз кеңес халқының нацизмді жойғанын әрдайым есте сақтаймыз – Путин
Архивтегі фото

"Соғыс бейнесі"– ардагерлердің суретін жүктеуге болатын онлайн-мұрағат

52
Акцияға ТМД елдерінің музейлері, еуропа мұрағаттары мен Токиодағы институт қосылды, деп хабарлады Россотрудничество 

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Россотрудничество қолдауымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай құрылған "Соғыс бейнесі" алғашқы тегін фотобанк www.imagesofwar.ru халықаралық деңгейге шығады. Агенттік басшысының орынбасары Михаил Брюхановтың айтуынша, енді жобамен ТМД мен Еуропаның бірқатар елі ынтымақтасады.

Атап айтқанда, жобаға "Қазақстандық инновациялар және телекоммуникациялық жүйелер университеті" үкіметтік емес білім беру мекемесі, "Орыс мәдениетінің орталығы" Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі, Әзербайжан Республикасының Ұлттық тарих музейі, "Жеңіс мұрагерлері" халықаралық одағының Әзербайжандағы өкілдігі, Қырғызстандағы А.А.Кутанова атындағы Ленинград қоршауының тарихы музейі, Армения Республикасы қорғаныс министрлігінің "Майр Айастан" әскери тарихы музейі, Арменияның Ұлттық мұрағаты, Киевтегі "Орыс ұлттық-мәдени қоғамдастығы" ұйымы қосылғысы келеді.

Аты аңызға айналған Т-34: Жарылған танкте үш күн жатып, аман қалған қазақ жауынгері 

Сонымен қатар, Сербияның тарихи мұрағаты, Кипр фотографтарының қауымдастығы және Жапонияның екі ұйымы –Токио орыс тілі институты және Еуропа мен Азия арасындағы ынтымақтастық қауымдастығы фотокбанкпен ынтымақтастық орнатуға ниетті.

"Соғыс бейнесі" жобасы арқылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі фотосуреттердің электронды базасы жасалды. Қазірдің өзінде фотобанкке 2 мыңнан астам сурет жүктелген.  

Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский журналистермен онлайн-кездесуі барысында мәлімдегендей, фотомұрағатта Евгений Халдей, Борис Кудояров, Иван Шагин секілді танымал әскери фототілшілердің жұмыстары жинақталған. Дегенмен жобаға қарапайым азаматтардың да фотосуреттері қажет.

"Соғыс бейнесі" порталының оқырмандарына өз отбасындағы батырлардың суреттерін өз бетінше жүктеуге мүмкіндік берілді, - деді Мединский. – Осылайша, әркім тарихи зердені сақтауға өз үлесін қоса алады".

Сонымен бірге Владимир Мединский қолданушыларды фотосуреттерді жүктеу кезінде формулярды мүмкіндігінше дәл толтыруға шақырды.

"Шынайы әрі факт болу үшін кімнің суреті екенін, қандай жағдайда түсірілгенін көрсету керек, –  деп атап өтті ол. –  Фактілер неғұрлым көп болса, тарихты бұрмалау мүмкіндігі соғұрлым азаяды".

Мединский атап өткендей, жобаның басты мақсаты – кеңес сарбаздарының ерліктерін бұрмалауға жол бермеу, мұнда басқа мемлекеттермен бірлескен жұмыс та маңызды рөл атқарады.

52
Тақырып бойынша
Соғыста қаза тапқан қазақстандықтың сүйегі отанына жеткізіледі
Соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерінің қайда жерленгені 77 жылдан кейін анықталды
Жүзден аса фашистің көзін жойды: Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаров туралы не білеміз
Көзі тірісінде білмей кетті: Ілияс Есенберлиннің туыстары тың деректі бөлісті
Майданда қаза тапқан капитан Игишевтің ерлігі мен махаббат оқиғасы
Архивтегі фото

Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

0
Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның екеуі қайтыс болды. Қалғаны ауруханадан шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы науқас ауруынан толық сауығып шыққан.

"Парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық "Қоғамдық бақылау" өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдап жатыр.

Оқи отырыңыз: Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты 

Аудандық аурухана 9 жасанды тыныс алдыру аппараты және 70-тен астам оттегімен қамту жабдығымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен.

"Қоғамдық бақылау" өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігімен және зертхана жағдайымен танысып шықты.  

0
Кілт сөздер:
Ордабасы ауданы, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Маска тақпағандарға 79 мың теңге айыппұл салынады
Қазақстанда коронавирустан қанша адам қайтыс болғаны айтылды
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Денсаулық сақтау министрі бетперде тағуға қатысты соңғы өзгерісті жариялады
Ақорда бірнеше қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат таратты