Архивтегі фото

Ұлы Отан соғысы: Ресейде екі қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

641
(Жаңартылды 20:32 05.05.2020)
Ржев түбінде қаза болған сарбазарды сый-құрметпен қайта жерлейді. Қазіргі кезде олардың туған-туыстары іздестіріліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Қазақстанға Ұлы Отан соғысы кезінде Ржев шайқасында қаза болған екі сарбаздың сүйегі тапсырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, екі жауынгердің сүйегін тапсыру рәсімі Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінде өтті. 1942 жылдың тамыз айынан бері із-түзсіз жоғалғандардың қатарында болған сарбаздың біреуі – Қостанай облысының тумасы Қанапия Жаркенов (1923 жылы туған, 183-ші атқыштар дивизиясының жауынгері), екіншісі – алматылық Донцов Иван Калинович (1904 жылы туған, 243-ші атқыштар дивизиясының жауынгері).  

Оқи отырыңыз: Көпшілік біле бермейтін Ұлы Отан соғысының батырлары

Ржев түбінде қаза болған сарбазарды сый-құрметпен қайта жерлейді. Қазіргі кезде олардың туған-туыстары іздестіріліп жатыр.

"Жауынгерледің сүйегін "Тризна" атты аймақаралық қоғамдық жастар ұйымының іздеушілері тапты. Олар 1996 жылдан бері осы жұмыспен айналысады. Қазіргі кезде ұйымның құрамында 28 отряд және 700-ге жуық адам бар. Ұйымға екі этникалық қазақ мүше", - делінген елішіліктің ресми хабарламасында.

Ржевск шайқасы

Қазақстан елшілігі Ржевск түбіндегі шайқасқа қатысты мәліметтерді де таратты. Сол кезде 100-ші және 101-ші қазақ бригадасы, сондай-ақ, тағы алты қазақстандық құрама 1942-1943 жылдары "Марс" әскери операциясы аясында  Ржев түбінде ерлікпен шайқасты.

Сонда әскери құрамның 80 проценті қаза болған. 2010 жылы шайқас болған жерде қазақстандық жауынгерлердің құрметіне мемориалды кешен тұрғызылған болатын.

2018 жылы Ақтөбе облыстық әкімдігі 100-ші және 101-ші атқыштар бригадасының сарбаздарына арналған жаңа мемориалдық кешенді Ржев қаласының әкімшілігіне беріп жіберді.

641
Кілт сөздер:
сарбаз, Ресей
Тақырып бойынша
Тоқаев Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Әйелінің хаты оқтан құтқарды - әнші атасының майдандағы оқиғасын еске алды
Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлері 1 миллион теңгеден алады
Аңызға айналған ұшқыш Нұркен Әбдіровтің ерлігі жайлы фильм көрсетіледі
Ардагерлерге материалдық көмек көрсетуге 7,6 млрд теңге бөлінді
Жеңіске тағзым

"Мәңгілік полк" онлайн-шеруі 20 млн рет тамашаланды

66
Жобаға барлығы 3 миллионға жуық өтініш тапсырылды. Тарихшы-модераторлар анкеталарды әлі де өңдеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр — Sputnik. "Мәңгілік полк" онлайн-шеруінің трансляциясы 20 млн рет қаралды. Ұйымдастырушылар шеруді тамашалағандар саны артып келе жатқанын хабарлады. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпағы "Мәңгілік полк" онлайн-шеруіне аталарының суреті мен ол туралы ақпарат жібереді, кейін фотоның экранға шыққанын күтеді.

"Жобаға барлығы 3 миллионға жуық өтініш тапсырылды. Тарихшы-модераторлар анкеталарды әлі де өңдеп жатыр. Кейбір анкета толықтыру үшін тұрғындарға қайтарылды", - деді акция ұйымдастырушылары.

Онлайн-шеру www.polkrf.ru сайтында және Халықаралық Мәңгілік полктың www.polk.press сайтында, сондай-ақ, ВКонтакте, Одноклассники әлеуметтік желілері мен "Okko" онлайн-кинотеатрында көрсетіледі. Ол жобаға қатысуға тапсырылған соңғы өтінішке дейін көрсетілетін болады.

Қатысушыларға аталарының суреті қай уақытта көрсетілетіні туралы хабарлама жолданады.

Жоба серіктестері Сбербанк пен Mail.ru Group. Басты ақпарат серіктесі -  "Аргументы и факты" баспа үйі, таяу шетелдегі ресми ақпараттық серіктесі - Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі.

66
Неміс-фашист басқыншыларынан азат етілгеннен кейінгі Сталинград қаласының орталығы

Тараздық ардагер соғыста өзі құтқарған баланы іздеп жүр

533
Ардагер сәбиге ат қойып, өз тегін берген. Тоқсан жеті жастағы қария арада жетпіс жыл өтсе де, үмітін үзбейді

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Таразда жуырда ғана 97 жасқа толған  ардагер Махмұт Бисимбаев сұрапыл соғыста өзі құтқарған баланы іздеп жүр. Арада жетпіс жыл уақыт өтсе де, қария үмітін үзбейді, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Махмұт Бисимбаевтың айтуынша, 1941 жылы жау әскері Сталинград түбін бомбалаған кезде, ол үсті-басы қан болып жатқан баланы тауып алған. Сәбидің анасы көз жұмыпты.

"8-9 айға келіп қалған бала, бәрі қан. Қасына барып қарасам, анасы жатыр екен.... Сөйтіп баланы шомылдырдым, киімін кигіздім. Қалай тастаймын? Алып шықтым көтеріп. Солдаттың бәрі жиналып қалыпты. Бәрі күліп жатыр, тығылам деп отырып, бала тауып алды деп! Сөйтіп тапсырдым, Бисимбаев Бақыт деп ат қойып  кеттім",  - деп әңгімеледі Махмұт Бисимбаев.

Тағы оқыңыз: Соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерінің қайда жерленгені 77 жылдан кейін анықталды

Ардагер баланы санитарлық батальонға тапсырған. Арада ұзақ жылдар өтсе де, қария үмітін үзбейді. Ел тыныштығын тілеген қарияның бір тілегі сол сәбимен көзі тірісінде көрісу.

Тараз жастары биыл ардагерлерді ерекше құттықтауға тырысты. Ұйымдастырушылар Ұлы жеңістің 75 жылдығы қарсаңында автокран арқылы көпқабатты үйде тұратын батырлардың балконына көтеріліп, гүл шоғын сыйлады.

533
Архивтегі фото

Ресейлік танымал актриса коронавирус жұқтырды

0
Алена Бабенко әлеуметтік желіде COVID-19 індетін жұқтырғанын және денсаулығының нашарлағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Алена Бабенко коронавирус диагнозымен  ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы актриса өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алена Бабенко (@alena_babenko_official)

Алена Бабенко сырқат екенін сезген бойда "Танцы со звездами" шоуынан кетіп, өзін оқшаулағанын атап өтті.

"Мен өз денсаулығыма ғана емес, достарым мен әріптестерімнің денсаулығына да жауаптымын. Өкінішке қарай, бұл әлгі коронавирус болып шықты", - деді актриса.   

Бабенко аурудың дене қызуының көтерілуі, әлсіздік секілді белгілерін байқаған. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр, жағдайы біршама жақсарған.

Ресейлік актриса Алена Бабенко кинода, театрда және телехикаяларда ойнайды. Актриса ондаған рөлді сомдаған. 2013 жылы ол режиссер Ермек Аманшаев пен Георгий Шенгелияның "Параллель әлемдер" Қазақстан-Ресей мелодрамасында ойнады.

24 мамырдағы мәлімет бойынша Ресейде COVID-19 індетін жұқтырған 344 481 адам тіркелді.

0
Кілт сөздер:
актриса, коронавирус
Тақырып бойынша
"Басқаша түсініп қалды": Нұрлан Еспанов коронавирус туралы айтқан сөзін түсіндірді
Әйгілі Голливуд актері әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Коронавирус індеті: COVID-19 жұқтырған танымал адамдар - фото
Танымал қазақстандық әнші төтенше жағдайға байланысты әскерге шақырылды – видео