Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Нұр-Сұлтандағы үйдің қабырғасында Бауыржан Момышұлының суреті пайда болады

© Sputnik / Владислав ВодневМурал в честь Героя Советского Союза Бауыржана Момышулы
Мурал в честь Героя Советского Союза Бауыржана Момышулы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Суретші портретті ұстап тұрған әйелдің қолын бейнелеген. Бұл - батырларды майданнан күткен аналары мен сүйіктілері

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Елордадағы үйлердің бірінде Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының суреті салынып жатыр.

Арт-жоба Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орайластырылған, деп хабарлады астаналық әкімдік.

Үй қай жерде орналасқан

Бауыржан Момышұлының суреті Ташенов көшесіндегі 10-шы үйде пайда болады.
Суретші портретті ұстап тұрған әйелдің қолын бейнелеген. Бұл - батырларды майданнан күткен аналары мен сүйіктілері.
© Sputnik / Владислав ВодневМурал в честь Героя Советского Союза Бауыржана Момышулы
Нұр-Сұлтандағы үйдің қабырғасында Бауыржан Момышұлының суреті пайда болады - Sputnik Қазақстан
Мурал в честь Героя Советского Союза Бауыржана Момышулы

Туынды авторлары TigrohaudCrew командасының граффити-суретшілері - Ержан Танаев пен Али Закир. Олар Қазақстан бойынша 15-тен астам ірі жобаның авторлары. Жуырда астанада дәрігерлерге арналған суретті де салды.

Бауыржан Момышұлы суретін қабырғаға бейнелеуге бір апта жұмсалған. Оған дейін бір айдан астам уақыт бойы дайындалды.

Тағы оқыңыз: Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы туралы қызықты деректер

Жаңалықтар
0