Волгоградтағы Қорған Мамаев мемориалды кешені, архивтегі сурет

Жеңіске тағзым: Нұркен Әбдіров туралы фильм қалай түсірілді

173
(Жаңартылды 13:48 08.05.2020)
"Нұркен Әбдіров. Менің ұлдарымның кенжесі" деректі фильмінің онлайн-премьерасы қарсаңында режиссер Алексей Каменский Sputnik Қазақстан-ға түсірілімнің қалай өткенін және аты аңызға айналған ұшқыш туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik, Айжан Нұрғазинова. Нұркен Әбдіровтің жүріп өткен жолы отандастарымызға кеңінен таныс. Қарағанды ​​облысының тумасы жауынгерлік тапсырманы орындау барысында 1942 жылы желтоқсанда қаза тапты. Ержүрек ұшқыш өзінің отқа оранған ұшағын жау техникасының колоннасына бағыттау арқылы ерліктің үлгісін көрсетті. Бұл үшін Нұркен Әбдіровке Кеңес одағының батыры атағы берілді.

Ең алдымен, түсірілім тобы "Нұркен Әбдіров. Менің ұлдарымның кенжесі" атты толыққанды бір сағаттық фильм түсіру үшін батыр туралы сенімді және ерекше мәліметтер жинауға кіріскен. Осы жылдар ішінде ол туралы көп жазылып, көп айтылды. Бірақ, режиссер Алексей Каменский кішкентай Нұркен туралы жаңа ақпарат болуы мүмкін емес деп алаңдады. Сондықтан да фильмнің соңғы сценарийі барлық түсірілім аяқталғаннан кейін, ол көрген және естіген сөздерге негізделіп жазылды.

"Шынымды айтсам, біз мол материал жинақтай аламыз деп ойламадық. Бірақ соңында керісінше болды, тіпті оны қысқартуға тура келді", – дейді Каменский.

Уақыттың көп бөлігі қазақстандық және ресейлік мұрағаттарда сақталған құжаттарды, бұйрықтарды зерделеу мен тексеруге жұмсалды. Қазақстанның орталық мемлекеттік мұрағатында жауынгердің 40 майдан хаты табылды. Сондай-ақ, топ Қарағанды ​​облысының мемлекеттік мұрағатында жұмыс істеді, онда оларға Нұркен Әбдіровтің жеке ісі берілген.

Сценарий үшін көптеген пайдалы ақпараттар Волгоградтағы "Сталинград шайқасы" тарихи-мемориалды мұражай-қорының қызметкерлерінен, Ростов облысының Шолохов және Боков ауданынан және Нұркен қайтыс болған жерден табылған. Сондай-ақ, түсірілім тобы әйгілі Мамаев қорғанымен бірге жұмыс істеген.

Майданнан жеткен Нұркеннің хаттары

Сценарий солдаттың соңғы хаттарына негізделген – астарынан эмоционалды қанық бояу мен уақытпен үндескен драма сезіледі. Режиссердің айтуынша, Нұркеннің хаттарын көріп сауатты және дарынды жас жазғанын байқауға болады.

Афиша фильма Нуркен Абдиров. Самый младший из моих сыновей
© Photo : из архива Алексея Каменского
"Нұркен Әбдіров. Менің ұлдарымның кенжесі" фильмінің афишасы

Сондай-ақ, фильм ана махаббатының тақырыбын ашады. Нұркеннің анасы Бағжан майданда тағы бір ұлынан айырылған. Садырбектің тағдыры әлі белгісіз, 1944 жылдан бері ол хабар-ошарсыз кеткен. Бұл қайғы-қасірет ана жүрегін жегідей жейді. Ол Ростов облысында Нұркеннің қайтыс болған жерінде еске алуға тағзым ету үшін бірнеше рет барған.

"Менің ойымша, ол сол жерде өте әсерлі ым жасады. Бағжан Нұркеннің майдандас досы, атқыш Александр Комиссаров өз командирін шайқаста тастап кетпеген ерлігі ұмыт қалды деп алаңдады. Кейіннен жазушы Михаил Шолоховпен кездесуде (1960 жыл) әділдіктің орнауын сұрайды. Сөйтіп, бір жылдан кейін, яғни соғыстан 20 жыл өткен соң, Шолоховтың өтініші бойынша Александр Комиссаров Отан соғысы орденімен марапатталды. Біз оның кейіпкерлерінен соғыс кезінде ұлдарынан айрылған барлық аналардың бейнесін көрдік", – деді Каменский.

Түсірілім қалай өтті

"Нұркен Әбдіров. Менің ұлдарымның кенжесі" – көркем фильмнің элементтері бар деректі фильм. Нұркен рөліне кәсіби актер емес, студент, болашақ жылу энергетигі Махаббат Түсіпбеков лайық деп танылды. Актер де кейіпкер сияқты 23 жаста. Махаббаттың өзі Нұркеннің хаттарын дауыстайды.

Фильмде 1938-1939 жылдардың үлгісіндегі Қарағанды ​​әуе жасағының жаттығу сыныбы қайта жасалды. Сондай-ақ, актердің өзі әуе көріністеріне түскен.

Түсірілім Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды ​​облысында, Ресейдің Волгоград және Ростов облысында өтті.

Нұркеннің ерліктерінен шабыттанып, әсер алған адамдардың бірі даңқты ғарышкер Тоқтар Әубәкіров еді. Ол да Қарағанды ​​облысында туып-өскен, Нұркеннің ерлігі оның көкте самғауды армандауына әсер еткен. 

"Сұхбатында ол "Отан" деген сөз "Ана" ұғымынан ажырамайтынын айтты. Сондықтан да біздің фильмдегі ана махаббаты тамаша көрінді", – деп атап өтті режиссер.

В фильме о Нуркене Абдирове раскрыта тема материнской любви
© Photo : из архива А.Каменского
Фильмде ана махаббатына ерекше көңіл бөлінген

Нұркен Әбдіров туралы алғашқы "Пике в бессмертие" фильмі 1969 жылы жарыққа шықты және ол ұшқыштың 50 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Ал "Нұркен Әбдіров. Менің ұлдарымның кенжесі" фильмі Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірді. Бұл деректі фильмдер бөлімінің жетекшісі Әсет Ерназаровтың бастамасымен 2019 жылы алғашқы фильмнен 50 жыл өткен соң және Нұркен Әбдіровтің 100 жылдығына орай экранға жол тартқан туынды.

Sputnik Қазақстан веб-сайтында және Sputnik Қазақстан YouTube арнасында "Нұркен Әбдіров. Менің ұлдарымның кенжесі" фильмінің онлайн-премьерасын жіберіп алмаңыз. Фильмді 8 мамыр сағат 15:00-ден 9 мамыр 15:00 дейін тамашалай аласыздар.

Айта кетейік, фильмнің халықаралық кинофестивальге қатысуына байланысты уақытқа шектеу енгізілген.

173
Кілт сөздер:
Нұркен Әбдіров, Ұлы Отан соғысы, Жеңіс күні
Тақырып бойынша
Тоқаев майдангер әкесі туралы: Соғыс жайлы айтқысы келмейтін
Майдан даласында жауынгерлерді жігерлендірген қазақ әйелдері
Тараздықтар соғыс ардагерлерін ерекше құттықтады – видео
Ұлы Отан соғысы ардагерлері Жеңіс күнін әр елде қалай тойлайтынын айтып береді
Мен майдангердің ұлы ретінде Жеңіс парадына қуана қатысамын – Тоқаев
Церемония возложения цветов к Могиле Неизвестного солдата 2020 год

Тоқаев Жеңіс парадынан кейін "Белгісіз солдат" қабіріне гүл шоғын қойды

67
(Жаңартылды 18:35 24.06.2020)
Мәскеуде қызыл алаңда Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығын атап өтуге арналған әскери парад аяқталды

АЛМАТЫ, 24 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин шет мемлекет басшыларымен бірге Мәскеудегі Жеңіс парадынан кейін "Белгісіз солдат" қабіріне гүл шоғын қойды. Салтанатты рәсімге Қазақстанның көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. 

1941-1945 жылдары болған Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне арналған әскери парад Қызыл алаңда өтті.

Шеруден кейін Владимир Путин басқа мемлекеттерден шақырылған құрметті қонақтармен бірге Александров бақшасына гүл қою рәсіміне көшу үшін трибуна маңынан өтті.

Белгісіз кеңес жауынгерінің мәйіті Мәскеу маңындағы бауырластар зиратынан көшіріліп, 1966 жылы Александров бағында салтанатты түрде қайта жерленді. Келесі жылы мұнда мемориал ашылды, ол жерде "Мәңгілік алау" негізгі элемент болып тұр.

24 маусымда Мәскеудегі Жеңіс парадына 14 мыңнан астам әскери қызметші қатысты, сонымен қатар 234 тарихи және қазіргі заманның жердегі әскери техникасы жұмылдырылды.

Қызыл алаңнан Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттерінің әскери қызметшілері жүріп өтті.

Кремльде парадқа шақырылған мемлекет басшыларына арналған қабылдау өтті.

Путин мәртебелі меймандарды Мәскеуде қуана қарсы алғанын айтты.

 

67
Кілт сөздер:
Мәскеу, гүл, Жеңіс күні, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Путиннің Екінші дүниежүзілік соғыс туралы мақаласын жоғары бағалады
Жеңіс парады: Тоқаев қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті - видео
Қырғызстан президенті Мәскеуге ұшып барғанымен Жеңіс парадына қатысқан жоқ
Назарбаев COVID-19 жұқтырды: Елбасының денсаулығына қатысты ақпарат шықты
Біз кеңес халқының нацизмді жойғанын әрдайым есте сақтаймыз – Путин
Архивтегі фото

"Соғыс бейнесі"– ардагерлердің суретін жүктеуге болатын онлайн-мұрағат

52
Акцияға ТМД елдерінің музейлері, еуропа мұрағаттары мен Токиодағы институт қосылды, деп хабарлады Россотрудничество 

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Россотрудничество қолдауымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай құрылған "Соғыс бейнесі" алғашқы тегін фотобанк www.imagesofwar.ru халықаралық деңгейге шығады. Агенттік басшысының орынбасары Михаил Брюхановтың айтуынша, енді жобамен ТМД мен Еуропаның бірқатар елі ынтымақтасады.

Атап айтқанда, жобаға "Қазақстандық инновациялар және телекоммуникациялық жүйелер университеті" үкіметтік емес білім беру мекемесі, "Орыс мәдениетінің орталығы" Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі, Әзербайжан Республикасының Ұлттық тарих музейі, "Жеңіс мұрагерлері" халықаралық одағының Әзербайжандағы өкілдігі, Қырғызстандағы А.А.Кутанова атындағы Ленинград қоршауының тарихы музейі, Армения Республикасы қорғаныс министрлігінің "Майр Айастан" әскери тарихы музейі, Арменияның Ұлттық мұрағаты, Киевтегі "Орыс ұлттық-мәдени қоғамдастығы" ұйымы қосылғысы келеді.

Аты аңызға айналған Т-34: Жарылған танкте үш күн жатып, аман қалған қазақ жауынгері 

Сонымен қатар, Сербияның тарихи мұрағаты, Кипр фотографтарының қауымдастығы және Жапонияның екі ұйымы –Токио орыс тілі институты және Еуропа мен Азия арасындағы ынтымақтастық қауымдастығы фотокбанкпен ынтымақтастық орнатуға ниетті.

"Соғыс бейнесі" жобасы арқылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі фотосуреттердің электронды базасы жасалды. Қазірдің өзінде фотобанкке 2 мыңнан астам сурет жүктелген.  

Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский журналистермен онлайн-кездесуі барысында мәлімдегендей, фотомұрағатта Евгений Халдей, Борис Кудояров, Иван Шагин секілді танымал әскери фототілшілердің жұмыстары жинақталған. Дегенмен жобаға қарапайым азаматтардың да фотосуреттері қажет.

"Соғыс бейнесі" порталының оқырмандарына өз отбасындағы батырлардың суреттерін өз бетінше жүктеуге мүмкіндік берілді, - деді Мединский. – Осылайша, әркім тарихи зердені сақтауға өз үлесін қоса алады".

Сонымен бірге Владимир Мединский қолданушыларды фотосуреттерді жүктеу кезінде формулярды мүмкіндігінше дәл толтыруға шақырды.

"Шынайы әрі факт болу үшін кімнің суреті екенін, қандай жағдайда түсірілгенін көрсету керек, –  деп атап өтті ол. –  Фактілер неғұрлым көп болса, тарихты бұрмалау мүмкіндігі соғұрлым азаяды".

Мединский атап өткендей, жобаның басты мақсаты – кеңес сарбаздарының ерліктерін бұрмалауға жол бермеу, мұнда басқа мемлекеттермен бірлескен жұмыс та маңызды рөл атқарады.

52
Тақырып бойынша
Соғыста қаза тапқан қазақстандықтың сүйегі отанына жеткізіледі
Соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерінің қайда жерленгені 77 жылдан кейін анықталды
Жүзден аса фашистің көзін жойды: Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаров туралы не білеміз
Көзі тірісінде білмей кетті: Ілияс Есенберлиннің туыстары тың деректі бөлісті
Майданда қаза тапқан капитан Игишевтің ерлігі мен махаббат оқиғасы
Архивтегі фото

Ақтау Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды видео

0
Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Ақтау – Жаңаөзен тасжолында Toyota Alphard минивэні аударылып кетті.

Трагедия 5 тамыз күні таңертең болды. Оқиғаның қалай болғанын Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Lada.kz.  

Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.

"Бұл факт Қарақия аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді), - деп хабарлады ведомство.

Бұл баптың жазасы бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге соттауды, сондай-ақ жеті жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді.

"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан 4 адам адам көз жұмған, тағы төртеуі ауруханада жатыр.

0
Кілт сөздер:
видео, жол апаты, Ақтау
Тақырып бойынша
"Астана Опера" театрының жетекші солисі жол апатынан қаза болды
Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды
Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы көз жұмды
Блок бекеттегі апат: марқұм полицейдің әйелі алғаш рет қайғылы оқиға жайлы айтты
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды