"Нұркен Әбдіров. Ұлдарымның ішіндегі кенжесі" деректі фильмі

741
(Жаңартылды 15:08 08.05.2020)
Sputnik Қазақстан оқырмандары Нұркен Әбдіровтің ерлігі жайлы фильмді алғаш болып көру мүмкіндігіне ие болып отыр

"Қазақфильм" киностудиясының бұл туындысында 1942 жылдың желтоқсанында әскери тапсырманы орындау кезінде қаза тапқан ұшқыш Нұркен Әбдіровтің ерлігі баяндалады. Ол өзінің жалын шарпыған Ил-2 ұшағын фашистердің әскери техникасы шоғырланған тұсқа қарай бағыттап, ерлікпен қаза тапты. Осы ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағына ие болды.

Фильмнің режиссері - Алексей Каменский. Түсірілім жұмыстары Нұр-Сұлтан, Алматы және Нұркен Әбдіровтің туған жері – Қарағанды облысында өтті.

Оқи отырыңыз: Нұркен Әбдіров туралы фильм қалай түсірілді

Түсірілім тобы Волгоградта болған. Ол жерде Мамаев қорғанында Нұркен Әбдіровтің аты жазылған мәрмәр тақта орнатылған. Сонымен қатар фильмді түсіргендер ұшқыш қаза болған Ростов облысының Боков ауданында да болды.

Фильмде сол кездегі оқиғаларды көрсету үшін архив хроникасы мен компьютерлік графика қолданылды. Фильмге тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің естеліктері де енгізілген.

"Нұркен Әбдіров. Ұлдарымның ішіндегі кенжесі" деректі фильмі халықаралық фестивальдерге қатысып жатқандықтан, фильмді бір тәулік ішінде ғана көруге мүмкіндік бар. Оны 8 мамыр сағат 15:00-ден 9 мамыр 15:00-ге дейін Sputnik Қазақстан сайтында және Sputnik Қазақстанның YouTube арнасында көруге болады.

741
Кілт сөздер:
Нұркен Әбдіров, ұшқыш, видео
Тақырып бойынша
Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов жайлы не білеміз?
"Мәлік атым құрысын": Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллин туралы не білеміз?
Әкесін құтқару үшін майданға аттанды: Мәншүк Мәметова туралы не білеміз?
17 жасында майданға аттанған Әлия Молдағұлова туралы қызықты деректер
21 жасында Кеңес одағының батыры: Сағадат Нұрмағамбетов туралы не білеміз?
Жеңіске тағзым

"Мәңгілік полк" онлайн-шеруі 20 млн рет тамашаланды

66
Жобаға барлығы 3 миллионға жуық өтініш тапсырылды. Тарихшы-модераторлар анкеталарды әлі де өңдеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр — Sputnik. "Мәңгілік полк" онлайн-шеруінің трансляциясы 20 млн рет қаралды. Ұйымдастырушылар шеруді тамашалағандар саны артып келе жатқанын хабарлады. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпағы "Мәңгілік полк" онлайн-шеруіне аталарының суреті мен ол туралы ақпарат жібереді, кейін фотоның экранға шыққанын күтеді.

"Жобаға барлығы 3 миллионға жуық өтініш тапсырылды. Тарихшы-модераторлар анкеталарды әлі де өңдеп жатыр. Кейбір анкета толықтыру үшін тұрғындарға қайтарылды", - деді акция ұйымдастырушылары.

Онлайн-шеру www.polkrf.ru сайтында және Халықаралық Мәңгілік полктың www.polk.press сайтында, сондай-ақ, ВКонтакте, Одноклассники әлеуметтік желілері мен "Okko" онлайн-кинотеатрында көрсетіледі. Ол жобаға қатысуға тапсырылған соңғы өтінішке дейін көрсетілетін болады.

Қатысушыларға аталарының суреті қай уақытта көрсетілетіні туралы хабарлама жолданады.

Жоба серіктестері Сбербанк пен Mail.ru Group. Басты ақпарат серіктесі -  "Аргументы и факты" баспа үйі, таяу шетелдегі ресми ақпараттық серіктесі - Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі.

66
Неміс-фашист басқыншыларынан азат етілгеннен кейінгі Сталинград қаласының орталығы

Тараздық ардагер соғыста өзі құтқарған баланы іздеп жүр

533
Ардагер сәбиге ат қойып, өз тегін берген. Тоқсан жеті жастағы қария арада жетпіс жыл өтсе де, үмітін үзбейді

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Таразда жуырда ғана 97 жасқа толған  ардагер Махмұт Бисимбаев сұрапыл соғыста өзі құтқарған баланы іздеп жүр. Арада жетпіс жыл уақыт өтсе де, қария үмітін үзбейді, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Махмұт Бисимбаевтың айтуынша, 1941 жылы жау әскері Сталинград түбін бомбалаған кезде, ол үсті-басы қан болып жатқан баланы тауып алған. Сәбидің анасы көз жұмыпты.

"8-9 айға келіп қалған бала, бәрі қан. Қасына барып қарасам, анасы жатыр екен.... Сөйтіп баланы шомылдырдым, киімін кигіздім. Қалай тастаймын? Алып шықтым көтеріп. Солдаттың бәрі жиналып қалыпты. Бәрі күліп жатыр, тығылам деп отырып, бала тауып алды деп! Сөйтіп тапсырдым, Бисимбаев Бақыт деп ат қойып  кеттім",  - деп әңгімеледі Махмұт Бисимбаев.

Тағы оқыңыз: Соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерінің қайда жерленгені 77 жылдан кейін анықталды

Ардагер баланы санитарлық батальонға тапсырған. Арада ұзақ жылдар өтсе де, қария үмітін үзбейді. Ел тыныштығын тілеген қарияның бір тілегі сол сәбимен көзі тірісінде көрісу.

Тараз жастары биыл ардагерлерді ерекше құттықтауға тырысты. Ұйымдастырушылар Ұлы жеңістің 75 жылдығы қарсаңында автокран арқылы көпқабатты үйде тұратын батырлардың балконына көтеріліп, гүл шоғын сыйлады.

533
Алматы қаласындағы жол көлік оқиғасы

Алматы блок бекетіндегі апат: екінші полицей көз жұмды

0
(Жаңартылды 10:31 25.05.2020)
Алдымен блок бекетке, содан соң полиция экипажына соқтығысқан BMW автокөлігінің 28 жастағы мас жүргізушісі мас болған

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Алматыда Көксай шағын ауданындағы блок бекетте жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екінші полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 6-да болды. 28 жастағы мас жүргізушінің басқаруындағы BMW автокөлігі алдымен блок бекет қоршауына, содан кейін патрульдік көлікке соқтығысқан. Оқиға салдарынан 42 жастағы полицей Жалғас Жанғазиев алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

"Оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аса ауыр халде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілгенімен, ол есін жимастан көз жұмды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Полиция мәліметтеріне сәйкес, BMW жүргізушісі мас болған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды

Жанғазиев Жарас Сұлтанғазыұлы 1978 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 2001 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, екі қыздың әкесі. 

Жангазиев Жарас Султангазиевич
© Photo : пресс-служба департамента полиции Алматы

Полиция сержанты Әбдіқанов Дастан Маратжанұлы 1994 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2016 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет еткен. Үйленген, бір қыздың әкесі. 

Сержант полиции Абдыканов Дастан Маратжанулы
© Photo : пресс-служба департамента полиции Алматы
0
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, полицей, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда карантин енгізілгеннен кейін жол апаты азайды
Жол апатына ұшыраған көлік 11 жасар қызды басып кетті – оқиға орнында түсірілген видео
Әжей жол үстінде көлік жүргізушісін ұрып тастады – видео
Тоқтап үлгермеген: 18 көлік соқтығысқан жол апатынан 29 адам зардап шекті – фото