Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Жеңістің 75 жылдығына орай жинақ шығарды

© Public DomainВетеран. Архивное фото
Ветеран. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елші Алексей Бородавкин Қазақстан халқы Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді сақтауға ұқыпты қарайтынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай арнайы жинақ шығарды.

Басылымда Қазақ КСР-нің фашизмді жеңуге қосқан үлесі, сондай-ақ Қазақстанның ірі қалаларында орналасқан Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған мемориалдық кешендер мен ескерткіштер туралы баяндалған.

Оқи отырыңыз: Депутат үш дәрежелі Даңқ ордені иегерінің өмір жолы туралы әңгімелеп берді 

Жинақта Жеңіске арналған жобалар мен акциялар және "Жеңіс еріктілері", "Ресейдің іздестіру қозғалысы" бүкілресейлік қоғамдық ұйымдары туралы да ақпарат берілген.  

Жинақ Ресейдегі еліміздегі елшілігінің сайтында жарияланды.

Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің үндеуінде"Қазақстан фашистік агрессорды жеңуге өлшеусіз үлес қосты" делінген.

"Соғыс майдандарында 1 миллион 350 мыңға жуық қазақстандық ерлікпен шайқасты, олардың тең жартысы ерлікпен қаза тапты, - деп атап өтті Алексей Бородавкин. –   Қазақстанда Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді сақтауға ұқыпты қаралатыны, өскелең ұрпақты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету, оларға қамқорлық жасау бағытында тәрбиелеуге көп көңіл бөлінетіні құрметке лайық".  

Бұған дейін Ресей елшісі "Атамның аманаты" атты қазақстандық челленджді қолдағаны туралы хабарланған болатын.

Жаңалықтар
0