Гүл шоқтары

Соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерінің қайда жерленгені 77 жылдан кейін анықталды

389
(Жаңартылды 17:44 09.05.2020)
Қазақстандық офицер Құлмырза Ибраевтың туысқандары жауынгердің қайда жерленгенін 77 жыл бойы білмеген

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Мәскеудегі "Ақтөбелік жерлестер" ұйымының мүшесі Асылбек Төлешов Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгер Құлмырза Ибраевтың туысқандарына батыр сүйегінің қайда жерленгенін анықтауға көмектесті.

200 атқыштар дивизиясы 661 атқыштар полкі екінші батальонының комсомол ұйымдастырушысы Құлмырза Ибраевтың туыстары 77 жыл бойы тірнектеп жауынгердің қаза тапқан және жерленген орны туралы ақпарат жинады, деп хабарлайды lada.kz порталы.

Бұл жайлы естіген біздің отандасымыз Асылбек Төлешов батырдың туысқандарына көмектесуге бел буған. Ол ерлікпен қаза тапқан офицердің жерленген орнын анықтады. Енді жауынгердің ұрпағы бауырластар зиратына барып, құран бағыштай алады.

"Құлмырза Ибраев 1920 жылы туған. 1942 жылы қан майданға аттанды. Сол жылы жараланып, емделгеннен кейін 200 атқыштар дивизиясы 661 атқыштар полкінің қатарына қосылған. Жауынгерлік журналға сүйенсек, 1943 жылы желтоқсан айының басында олардың дивизиясы қазіргі Ресейдің Псков облысы, Невель ауданы Замошица ауылының маңындағы кескілескен ұрысқа қатысқан",- деді Асылбек Төлешов.

Тағы оқыңыз: Жүзден аса фашистің көзін жойды: Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаров туралы не білеміз

Айтуынша, дәл осы маңда Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова да қаза тапқан.

Жауынгердің зиратын табу үшін Асылбек Төлешов Псков облысының әскери комиссариатына жүгінді. Құлмырза Ибраевтың сүйегі Невель ауданы Усть-Долыссы кентінде Замошица ауылының маңындағы бауырластар зиратында қайта жерленгені туралы комиссариаттағы ескі құжаттарда жазылған.

Соғыс жылдарында Маңғыстау облысынан майданға 6 388 адам аттанды. Олардың 4 200-і неміс-фашист басқыншыларымен шайқаста қаза тапты.

389
Кілт сөздер:
қазақстандық жауынгер, Жеңіс күні, Ұлы Отан соғысы
Тақырып бойынша
"Мәңгілік даңқ" акциясы онлайн режимінде өтіп жатыр
Аты аңызға айналған Т-34: Жарылған танкте үш күн жатып, аман қалған қазақ жауынгері
Соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары туралы не білеміз?
Ақтау гипермаркеттерінде Жеңістің 75 жылдығы құрметіне флешмоб өтті
Церемония возложения цветов к Могиле Неизвестного солдата 2020 год

Тоқаев Жеңіс парадынан кейін "Белгісіз солдат" қабіріне гүл шоғын қойды

67
(Жаңартылды 18:35 24.06.2020)
Мәскеуде қызыл алаңда Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығын атап өтуге арналған әскери парад аяқталды

АЛМАТЫ, 24 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин шет мемлекет басшыларымен бірге Мәскеудегі Жеңіс парадынан кейін "Белгісіз солдат" қабіріне гүл шоғын қойды. Салтанатты рәсімге Қазақстанның көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. 

1941-1945 жылдары болған Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне арналған әскери парад Қызыл алаңда өтті.

Шеруден кейін Владимир Путин басқа мемлекеттерден шақырылған құрметті қонақтармен бірге Александров бақшасына гүл қою рәсіміне көшу үшін трибуна маңынан өтті.

Белгісіз кеңес жауынгерінің мәйіті Мәскеу маңындағы бауырластар зиратынан көшіріліп, 1966 жылы Александров бағында салтанатты түрде қайта жерленді. Келесі жылы мұнда мемориал ашылды, ол жерде "Мәңгілік алау" негізгі элемент болып тұр.

24 маусымда Мәскеудегі Жеңіс парадына 14 мыңнан астам әскери қызметші қатысты, сонымен қатар 234 тарихи және қазіргі заманның жердегі әскери техникасы жұмылдырылды.

Қызыл алаңнан Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттерінің әскери қызметшілері жүріп өтті.

Кремльде парадқа шақырылған мемлекет басшыларына арналған қабылдау өтті.

Путин мәртебелі меймандарды Мәскеуде қуана қарсы алғанын айтты.

 

67
Кілт сөздер:
Мәскеу, гүл, Жеңіс күні, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Путиннің Екінші дүниежүзілік соғыс туралы мақаласын жоғары бағалады
Жеңіс парады: Тоқаев қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті - видео
Қырғызстан президенті Мәскеуге ұшып барғанымен Жеңіс парадына қатысқан жоқ
Назарбаев COVID-19 жұқтырды: Елбасының денсаулығына қатысты ақпарат шықты
Біз кеңес халқының нацизмді жойғанын әрдайым есте сақтаймыз – Путин
Архивтегі фото

"Соғыс бейнесі"– ардагерлердің суретін жүктеуге болатын онлайн-мұрағат

52
Акцияға ТМД елдерінің музейлері, еуропа мұрағаттары мен Токиодағы институт қосылды, деп хабарлады Россотрудничество 

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Россотрудничество қолдауымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай құрылған "Соғыс бейнесі" алғашқы тегін фотобанк www.imagesofwar.ru халықаралық деңгейге шығады. Агенттік басшысының орынбасары Михаил Брюхановтың айтуынша, енді жобамен ТМД мен Еуропаның бірқатар елі ынтымақтасады.

Атап айтқанда, жобаға "Қазақстандық инновациялар және телекоммуникациялық жүйелер университеті" үкіметтік емес білім беру мекемесі, "Орыс мәдениетінің орталығы" Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық бірлестігі, Әзербайжан Республикасының Ұлттық тарих музейі, "Жеңіс мұрагерлері" халықаралық одағының Әзербайжандағы өкілдігі, Қырғызстандағы А.А.Кутанова атындағы Ленинград қоршауының тарихы музейі, Армения Республикасы қорғаныс министрлігінің "Майр Айастан" әскери тарихы музейі, Арменияның Ұлттық мұрағаты, Киевтегі "Орыс ұлттық-мәдени қоғамдастығы" ұйымы қосылғысы келеді.

Аты аңызға айналған Т-34: Жарылған танкте үш күн жатып, аман қалған қазақ жауынгері 

Сонымен қатар, Сербияның тарихи мұрағаты, Кипр фотографтарының қауымдастығы және Жапонияның екі ұйымы –Токио орыс тілі институты және Еуропа мен Азия арасындағы ынтымақтастық қауымдастығы фотокбанкпен ынтымақтастық орнатуға ниетті.

"Соғыс бейнесі" жобасы арқылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі фотосуреттердің электронды базасы жасалды. Қазірдің өзінде фотобанкке 2 мыңнан астам сурет жүктелген.  

Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский журналистермен онлайн-кездесуі барысында мәлімдегендей, фотомұрағатта Евгений Халдей, Борис Кудояров, Иван Шагин секілді танымал әскери фототілшілердің жұмыстары жинақталған. Дегенмен жобаға қарапайым азаматтардың да фотосуреттері қажет.

"Соғыс бейнесі" порталының оқырмандарына өз отбасындағы батырлардың суреттерін өз бетінше жүктеуге мүмкіндік берілді, - деді Мединский. – Осылайша, әркім тарихи зердені сақтауға өз үлесін қоса алады".

Сонымен бірге Владимир Мединский қолданушыларды фотосуреттерді жүктеу кезінде формулярды мүмкіндігінше дәл толтыруға шақырды.

"Шынайы әрі факт болу үшін кімнің суреті екенін, қандай жағдайда түсірілгенін көрсету керек, –  деп атап өтті ол. –  Фактілер неғұрлым көп болса, тарихты бұрмалау мүмкіндігі соғұрлым азаяды".

Мединский атап өткендей, жобаның басты мақсаты – кеңес сарбаздарының ерліктерін бұрмалауға жол бермеу, мұнда басқа мемлекеттермен бірлескен жұмыс та маңызды рөл атқарады.

52
Тақырып бойынша
Соғыста қаза тапқан қазақстандықтың сүйегі отанына жеткізіледі
Соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерінің қайда жерленгені 77 жылдан кейін анықталды
Жүзден аса фашистің көзін жойды: Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаров туралы не білеміз
Көзі тірісінде білмей кетті: Ілияс Есенберлиннің туыстары тың деректі бөлісті
Майданда қаза тапқан капитан Игишевтің ерлігі мен махаббат оқиғасы
Архивтегі фото

Ақтау Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды видео

0
Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Ақтау – Жаңаөзен тасжолында Toyota Alphard минивэні аударылып кетті.

Трагедия 5 тамыз күні таңертең болды. Оқиғаның қалай болғанын Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Lada.kz.  

Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.

"Бұл факт Қарақия аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді), - деп хабарлады ведомство.

Бұл баптың жазасы бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге соттауды, сондай-ақ жеті жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді.

"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан 4 адам адам көз жұмған, тағы төртеуі ауруханада жатыр.

0
Кілт сөздер:
видео, жол апаты, Ақтау
Тақырып бойынша
"Астана Опера" театрының жетекші солисі жол апатынан қаза болды
Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды
Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы көз жұмды
Блок бекеттегі апат: марқұм полицейдің әйелі алғаш рет қайғылы оқиға жайлы айтты
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды