Марапаттар

Көзі тірісінде білмей кетті: Ілияс Есенберлиннің туыстары тың деректі бөлісті

2165
(Жаңартылды 19:02 09.05.2020)
Туысқандарының айтуынша, жазушыны марапаттау туралы бұйрық жуырда архивтік ақпарат ресурсынан табылған

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Әйгілі қазақ жазушысы Ілияс Есенберлин көзі тірісінде ІІ дәрежелі "Отан соғысы" орденімен марапатталған. Алайда қаламгер бұл марапаттан хабарсыз болған. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға жазушының туыстары хабарлады.

"1941-1945 халық ерлігі" сайтында соғыс біткеннен кейін бірден, 1945  жылы Ілияс Есенберлинді ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапаттау туралы ақпарат жарияланған. Марапат КСРО ҚК 29.06.1945 жарлығына сәйкес берілген.

Писатель Ильяс Есенберлин был награждtн боевым орденом, о котором он так и не узнал
© Photo : из архива семьи Ильяса Есенберлина
Жазушы Ілияс Есенберлин

Алайда әйгілі қазақ жазушысы жеке құжаттарында мұндай жауынгерлік наградасы барын еш уақытта көрсеткен емес. Соған қарағанда, қаламгердің өзі де, оның жақындары да марапаттан хабарсыз болған сияқты. Ілияс Есенберлиннің Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде үнемі тағып жүрген марапаттарының арасында тек екі жауынгерлік награда – "Жауынгерлік еңбегі үшін" және "Ленинградты қорғағаны үшін" медальдары болған.

Писатель Ильяс Есенберлин был награждtн боевым орденом, о котором он так и не узнал
© Photo : из архива семьи Ильяса Есенберлина
Қаламгер жауынгерлік Орденмен марапатталғанын өзі де білмеген

Ілияс Есенберлин – қазақтың әйгілі жазушысы, "Алтын Орда" және Көшпенділер" тарихи трилогияларының авторы. Майданға аттанып, 1942 жылы қаңтарда Старая Русса түбінде аяғынан ауыр жараланады. Кострома қаласындағы госпитальде бір жыл жатып, 1943 жылы мүгедектігіне байланысты соғысқа жарамсыз деп танылып, Қазақстанға оралады. Жазушының кітаптары көптеген тілге аударылып, 8 миллионнан астам данамен басылып шықты. Есенберлин шығармалары жапон тіліне аударылған жалғыз қазақ жазушысы.

2165
Хиуаз Доспанованың ескерткіші

Жеңістің 75 жылдығына арналған жаңа жоба басталды: кім қатыса алады?

33
Жоба Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр, оған кез келген адам қатыса алады

АЛМАТЫ, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі Жеңістің 75 жылдығына арналған "Атлас памяти" деген жаңа онлайн-жобаны іске қосты. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

Россотрудничество басшылығы көпшілікке тарату мақсатында ескерткіштер каталогын шығаруды жоспарлар отыр. Каталог баспа және электронды түрде шығады. Жоба монументалды мұраны дәріптеуге және қазақстандықтар мен ел қонақтарын ақпараттандыруға бағытталған.

24-31 тамыз аралығында әлеуметтік желі арқылы Ұлы Отан және Екінші дүниежүзілік соғыстың батырлары мен оқиғаларының құрметіне Қазақстан қалаларында орнатылған ескерткіштерге арналып жазылған мәтін мен фотоматериалдар жиналды. Бір апта ішінде еліміздің 20-ға жуық қаласынан материалдар келді.

"Мысалы, Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының оқушылары Николай Артемасов пен Никита Гетмановтың арқасында 1985 жылы Степногорск қаласында ашылған сәулетші Лоуренс Баласовтың "Жеңіс монументі" туралы білдік. Елизавета Максимова Теміртаудағы "Белгісіз солдат ескерткіші" туралы білуге көмектесті. Осындай жағдайлар көбірек кездесіп жатыр", - деді жоба үйлестірушісі Ольга Скальчук.

Жобаға қалай қатысуға болады

Жобаға қатысып, өз қалаңыздағы ескерткіш туралы айтқыңыз келсе, Россотрудничество сайтында жарияланған ережеге сәйкес ескерткіштердің авторлық фотосуреттері мен оған сипаттама жазып жіберу қажет.

Қазір "Атлас памяти" бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жиналған материалдың бір бөлігі pobedakz.com сайтында көрсетілуде. Бұл порталды Россотрудничество өкілдігі "Ұлы Отан: ХХІ ғасырдағы көзқарас" жобасы аясында арнайы құрды.

Сталинград үшін шайқасқан қазақстандық жауынгерлер

Сонымен қатар "Сталинград үшін шайқастағы қазақстандық жауынгерлер" жобасы бойынша да жұмыстар жалғасып жатыр. "Сталинград шайқасы" (Волгоград) мұражай-қорығының қорынан көрме мамырда қазақстандық көрермен үшін арнайы дайындалған болатын. Оған Елбасы кітапханасының "Мәдениет арқылы диалог" халықаралық жобасы аясында Ресей елшілігінің қолдауымен Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі бастамашы болды.

Оның экспозициясы да pobedakz.com сайтында бар және жаңа материалдармен толықтыру жалғасып жатыр.

Сталинград шайқасына қатысқан туыстары мен жақындары туралы айтқысы келетіндер материалды (мәтін, фотосурет, құжаттардың сканерленген көшірмесін) kaz.rs.gov@gmail.com поштасына жібере алады және олар да виртуалды экспозицияға қосылады.

33
Түрме

Концлагерьде қаза тапқан екі мың қазақстандық жайлы мәлімет табылды

635
(Жаңартылды 18:51 20.08.2020)
Абхазия курсанттары қорғаныс министрлігінің мұрағатынан "Славута" концлагерінде көз жұмған екі мың қазақстандық жауынгер туралы мәлімет тапты

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігі "Возвращение имени" халықаралық жобасы аясында "Славута" концлагерінде қаза болған екі мың қазақстандық жауынгердің туыстарын іздеу акциясын бастайды.

"Славута" әскери тұтқындар концлагері соғыс жылдары Украина аумағында орналасқан. Тұтқындағы дәрігерлер мен басқа да адамдар нацистерден жасырып лазаретте қайтыс болғандардың есімін тізімге жазып отырған. Лагерь босатылған жылы (1944) тізімде 20 мың жауынгердің аты-жөні мен туыстары тұратын қалалар болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОО «Atamnyn amanaty» (@ata.amanaty)

Осы жылдың басында Григорий Скворцов бастаған "Возвращение имени" халықаралық жобасының командасы концлагерьдің 20 мың тұтқыны туралы мәліметтер тапты, деп хабарлайды Atamnyn Amanaty бірлестігінің баспасөз қызметі.

Абхазияның әскери курсанттары із-түссіз жоғалған жауынгерлердің тізімімен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп жатыр. Олар қорғаныс министрлігінің мұрағатынан "Славута" концлагерінде қаза болған екі мың қазақстандық жайлы мәлімет тапты.

150 қазақстандық жауынгер туралы мағлұмат "Atamnyn Amanaty" бірлестігіне берілді. Мұрағаттан табылған құжаттарды реттестірген соң, "Возвращение имени" жобасының авторы қалған 1 850 тұтқын туралы мәлімет ұсынады.

"Біз "Возвращение имени" жобасы аясындағы жұмыс барысында барлық отандасымыздың туысын табамыз деген үміттеміз. Соғыс жылдары "Славута" концлагеріне тұтқынға түскен жауынгерлердің есімдері мәңгі есте сақталады. Біз облыстардың жергілікті атқарушы органдарын қазақстандық жауынгерлердің туған-туыстарын іздеуге жәрдемдесуге шақырамыз", - деді Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.

Тағы оқыңыз: Соғыста қаза тапқан қазақстандықтың сүйегі отанына жеткізіледі

Акция барысында жиналған материалдар www.pamyat-naroda.ru сайтының базасына енгізіледі.

"Славута" лагерінің тарихы белгілі, бұл тізімнің өзі де қанмен келді. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары, мешіттер мен шіркеулер, сондай-ақ Қазақстанның әскери комиссариаттары қаза болғандардың жақындарын іздеуге қол ұшын созғанын қалаймыз", - деді "Возвращение имени" халықаралық жобасының жетекшісі Григорий Скворцов.

Бұған дейін "Возвращение имени" жобасының қатысушылары Бішкек студенттерімен бірге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанға арналған тізімдерді жасау және талдау бойынша жұмыс жүргізген болатын.

Туыстары майданда хабар-ошарсыз кеткен азаматтар Atamnyn Amanaty қоғамдық бірлестігіне хабарласа алады: +7 776 828 45 35, +7 776 828 45 34.

635
Кілт сөздер:
қазақстандық жауынгер, Ұлы Отан соғысы
Тақырып бойынша
Қазақстандық жауынгердің оқиғасы: сегіз ағайындының бірі ғана соғыстан қайтқан
Ұлы Отан соғысы: Ресейде екі қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

0
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

0
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео