Саясат

Назарбаев Израиль халқына Перестің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

© Photo : Официальный сайт президента РКПрезидент Казахстана Нурсултан Назарбаев
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің бұрынғы Президенті Шимон Перестің қайтыс болуына байланысты Израиль Президенті Реувен Ривлинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

АСТАНА, 28 сен — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің бұрынғы Президенті Шимон Перестің қайтыс болуына байланысты Израиль Президенті Реувен Ривлинге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарланады Ақорданың сайтында.

Жеделхатта Израильдің бұрынғы Президенті Шимон Перестің өмірден  өткені туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Председатель сената парламента Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тоқаев: Қазақстанның досы Шимон Перес қайтыс болды
"Қазақстан халқы Шимон Пересті парасатты басшы, екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға орасан еңбек сіңірген тарихи тұлға әрі беделді саясаткер ретінде әрдайым есте сақтайтын болады" – делінген көңіл айту жеделхатында.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шимон Пересті өзінің адал әрі сенімді досы ретінде құрмет тұтқанын атап өтті.

"Онымен әңгімелесу әрдайым пайдалы еді, сол кездесулерімізді жылы сезіммен еске алатын боламын" – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Израиль Президенті Р.Ривлинге және барша Израиль халқына көңіл айтты.

Жаңалықтар
0