Резиденция президента Акорда

Қазақстан президенті бірқатар тағайындаулар жүргізді

66
(Жаңартылды 15:46 28.09.2016)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегі тағайындаулар туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

АСТАНА, 28 қыр — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегі тағайындаулар туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының өкімдерімен Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне; Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне; Талғат Маратұлы Татубаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметіне; Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды", — делінген хабарламада.

Сонымен қатар елбасының өкімімен Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театрының директоры қызметіне тағайындалды.

66