Орталық сайлау комиссиясы

Елбасы Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін тағайындады

44
(Жаңартылды 21:18 30.09.2016)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың Орталық сайлау комиссиясында бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарланады Ақорданың сайтында.

АСТАНА, 30 қыр – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың Орталық сайлау комиссиясында бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарланады Ақорданың сайтында.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Татьяна Витальевна Охлопкова Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметінен босатылды.

Президенттің тиісті жарлықтарымен Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне; Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының  мүшесі қызметіне тағайындалды.

44