Саясат

Қазақстан мен Тәжікстан арнайы қызметтері ынтымақтастықты нығайтпақ

Жазылу
Кәрім Мәсімов мен Эмомали Рахмон Тәжікстан мен Қазақстан және жалпы Орталық Азия аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін талқылады.

АСТАНА, 24 қаз — Sputnik. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Кәрім Мәсімов Душанбеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Sputnik Тәжікістан.  

"Тараптар Тәжікстан, Қазақстан және жалпы өңір аумағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бірлесіп әрекет ету, сонымен қатар шекаралық әскерлер әлеуеті мен мүмкіндіктерін нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты", — деп келтіреді агенттік Тәжікстан президенті ресми сайтының  хабарламасын. 

Әңгімелесушілер трансұлттық қылмыстық, есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесу, ұйымдасқан қылмыстық топтарға әсерлі қарсы тұру бойынша бірлескен шаралар әзірлеу келешегін талқылады.

Кездесу барысында Тәжікстан мен Қазақстан арнайы қызметтері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мен ұлттық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету үшін екі жақты байланыстарды нығайту қажеттілігі талқыланды. 


Жаңалықтар
0