Саясат

Назарбаев қорғаныс министрінің екі орынбасарын қызметтен босатты

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа қорғаныс вице-министрі болып Талғат Жанжүменов тағайындалды. Берік Шолпанқұлов пен Нұрлан Сауранбаев қызметтерінен босатылды.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрінің екі орынбасарын қызметтен босатты, сонымен қатар ведомствоға жаңа қызметкер тағайындады деп хабарланды Ақорда сайтында.

Берік Шолпанқұлов пен Нұрлан Сауранбаев ҚР қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерінен босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Жеңісұлы Жанжүменов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып жүрген болатын.

Жаңалықтар
0