Саясат

Биньямин Нетаньяху алғаш рет Қазақстанға келеді

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуИзраиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху
Израиль премьер-министрі  Биньямин Нетаньяху - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Израиль үкімет басшысы Қазақстан, Әзербайжан, Сингапур және Австралия елдеріне бармақшы.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik. Изариль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Қазақстанға ресми іссапармен бармақшы деп хабарлайды РИА Новости агенттігі. 

"Алдағы үш айда Әзербайжан, Қазақстан, Сингапур және Австралия елдеріне барып қайтпақшымын. Бұл елдердің ішінде, қателеспесек, үшеуіне Израиль премьер-министрі алғаш рет барады", — дейді баспасөз қызметі премьер-министрдің сөзін дәйекке алып. 

Бұдан бұрын Израиль премьер-министрінің ресми іссапармен Қазақстанға келетінін Қазақстанның Израилдегі елшісі Дулат Қуанышев айтқан болатын. Оның айтуынша, тараптар энергетика, агротехнология және әскери техникалық ынтымақтастық салаларындағы ортақ жобаларды талқыламақшы. 

Жаңалықтар
0