Саясат

Назарбаевқа Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы атағы берілді

© Photo : Официальный сайт президента РКНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы өзіне айрықша құрметті азамат атағын бергені үшін Хиросима қаласының билік өкілдері мен жұртшылығына ризашылығын білдіріп, мұны Қазақстан мен Жапонияның антиядролық қозғалыстағы ниеттестігінің белгісі деп атады.

АСТАНА, 9 қар — Sputnik. Қазақстан Президенті "Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы" арнаулы атағын тапсыру рәсіміне қатысты деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы ядролық қатермен талмай күресуге шақырды

Мемлекет басшысы өзіне айрықша құрметті азамат атағын бергені үшін Хиросима қаласының билік өкілдері мен жұртшылығына ризашылығын білдіріп, мұны Қазақстан мен Жапонияның антиядролық қозғалыстағы ниеттестігінің белгісі деп атады.

"Жапонның Хиросима мен Нагасаки қалалары адамзаттың жаппай қырып-жою қаруына қарсы күресінің жалпыәлемдік символы болып саналады. Сіздердің ядролық қару-жарақтан ада әлемді қалыптастыру жолында жұмсаған күш-жігерлеріңіз бен қосқан өлшеусіз үлестеріңізді бүкіл әлем жоғары бағалайды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті атом бомбасын құрбан болған ондаған мың адамның рухына тағзым ету үшін Хиросимаға арнайы келгенін айтты.

"(…) Осы жерде, Хиросимада тұрып, атом бомбасы жарылысының бар қасіретті салдарын көре отырып, бүкіл әлем көшбасшыларын ядролық сынақтардан бас тартуға, атом қасіретінің қайталануына жол бермеуге шақырамын", – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: Қазақстан мен Жапонияның тағдыры ортақ

Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигонында қырық жылдан астам бойы үздіксіз жүргізілген ядролық сынақтар қазақ жеріне және халық денсаулығына орасан залал келтіргенін еске салды.  Премьер-Министр Абэмен келіссөз жүргізу барысында жаппай қырып-жою қаруы қауіпінен ада әлем қалыптастыру жөніндегі іс-қимылды жалғастыру үшін екі елдің күш-жігерін жұмылдыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қала мэрі Кадзуми Мацуи Хиросимаға келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа барша тұрғындар атынан алғыс білдіріп, оған айрықша құрметті азамат атағының берілуі ядролық қарусыз әлем үшін күрестегі сіңірген еңбегінің жоғары бағалануының белгісі екенін атап өтті.

"Сіз 1991 жылғы 29 тамызда Қазақстан халқының қалауымен Семей ядролық полигонын жаптыңыз. Орталық Азияда ядросыз аймақ қалыптастыруға және 29 тамызды Ядролық сынаққа қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялауға бастамашылық еттіңіз. Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру ісінде Сіз жетекші рөл атқарып келесіз", – деді Мацуи.

Жаңалықтар
0