Саясат

Қазақстан парламенті Байқоңырдағы салықтар туралы протоколды ратификациялады

© Sputnik / Болат ШайхиновПарламент үйі
Парламент үйі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Протоколдың мақсаты екі есе салық салуға қатысты мәселелерді реттеу деп атап өтілді қаржы мен бюджет жөніндегі сенат комитетінің қорытындысында.

АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Сенат депутаттары Қазақстан мен Ресей арасында жасалған Байқоңыр қаласының статусы және оның атқарушы органдарының құрылуы мен статусы туралы келісімшартқа өзгерістер енгізу туралы протоколды ратификациялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі.

ақша - Sputnik Қазақстан
Сағынтаев: несиелерге ақшаны мемлекеттік бағдарламалардан аламыз

Протоколдың мақсаты екі есе салық салуға қатысты мәселелерді реттеу деп атап өтілді қаржы мен бюджет жөніндегі сенат комитетінің қорытындысында.

Тілшінің хабарлауынша, бұл протокол бірқатар толықтыруларды енгізеді, соған сәйкес Байқоңыр қаласынан Қазақстанның басқа территориясына шығарылатын және қалаға Қазақстанның басқа территориясынан әкелінетін тауарларға қосымша құн салығы нөлдік мөлшерлемемен салынады және акцизделетін тауарларға қатысты акциздерді төлеуден босатылады. 

Сонымен қатар, жұмыстардың орындалуы немесе қызмет көрсетілу барысында алынатын жанама салықтар салу Байқоңыр қаласы территорисында немесе жұмыстар мен қызметтер орындалатын ҚР басқа аймақтарында жүзеге асырылады.

Жаңалықтар
0