Саясат

РФ елшісі: ТМД үшін бірыңғай валюта енгізу мәселесі күн тәртібінде жоқ

© Sputnik / Табылды КадырбековТМД елдерінің тулары
ТМД елдерінің тулары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ТМД-да бірыңғай валюта енгізу турады мәселе ешқашан қарастырылған емес. Ресейдің Қазақстандағы елшісі өз сөзінде ЕАЭО-тың саяси одақ еместігін атап өтті.

АСТАНА, 22 қар – Sputnik. Тәуелсіз елдер достастығы елдері үшін бірыңғай валюта енгізу туралы мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ деп хабарлады Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников.

"Бірыңғай валюта енгізу, меніңше, мүмкін емес, шындыққа жанаспайды. Бұл жөнінде ТМД аясында ешкім сөз қозғаған емес. Бұл мәселе ешқашан  күн тәртібінде тұрған жоқ", — деді Бочарников елордалық Қазақ гуманитарлық заң университеті студенттерінің алдында сөйлеген сөзінде. 

Сонымен қатар, Ресей елшісі сөйлеген сөзінде Еуразиялық экономикалық одақтың саяси бірлестік емес екендігін атап өтті.

Еуразиялық экономикалық одақ - Sputnik Қазақстан
Экономика
ЕАЭО елдерінің үкіметі бірыңғай Кедендік кодексті қабылдады

Оның айтуынша, саяси одақ болуы үшін бірлестікте мүше елдер қабылдауға міндетті шешімдер шығаратын саяси органдар болуы тиіс.

"Мұндай органдар жоқ. Айта кететін бір жайт, одақта бүкіл шешімдер консенсус негізінде ғана қабылданады және жалпыодақтық шешім белгілі бір мемлекеттің ұлттық мүддесіне қарсы келсе, сол елдің мұндай шешімге тосқауыл болуына қатысты нақты ережелер бар", — деді Бочарников. 

Одақта бірыңғай сыртқы саясатты ұстанатын органдар жоқ, сол себепті бұл одақ саяси болып саналмайды деп сөзін қорытындылады дипломат. 

Жаңалықтар
0