Саясат

Айсұлтан Назарбаев жемқорларды "халық жауы" деп атады

© Photo : Фото со страницы в FacebookАйсұлтан Назарбаев
Айсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан үстерінен жемқорлық сипатындағы қылмыстар үшін іс қозғалған жоғары лауазымды тұлғаларды халық жауына балап, сонымен қатар, өзінің пікірінше, қарамағындағы қызметкерлері үшін жауап беруге тиістілерді атап көрсетті.

АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев биліктің жоғары эшелонында соңғы уақыттары орын алған сыбайлас жемқорлыққа қатысты ұсталуларға байланысты пікір білдірді.

Өз пікірі тұрғысынан 

Айсұлтан Назарбаев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында әке болған сәттен бастап өмірінің көкжиегі қатты кеңейгенін айтып пост жариялады.   

"Білесіздер ме, қызым және оның болашақ құрбылары, бір түкпірінде оның болашақ күйеуі тұратын Қазақстан туралы ойламай бір күнім де өтпейді. Сондықтан бүгін ҚР азаматы ретінде,  Президенттің немересі ретінде, менің білшуімше, өзекті болып табылатын мәселелерге қатысты пікір білдіруді ұйғардым", — деп жазды ол.

Айсұлтан Назарбаевтың атап өтуінше, "айтатын нәрсең бар кезде сөз сөйлеу бұл — артықшылық емес, міндет". Ал ол үшін "өмір көріп, өз Отанының патриоты болып қала берген белсенді адам ретінде салыстыратын да, айтатын да дүниелер бар". 

Айсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Спорт
Айсұлтан Назарбаев атасынан ҚФФ басшысының қызметін сұрамағанын мәлім етті

"Мемлекет басшысы Қазақстанды басқаруда мықтылық танытып, өзін жоғары ұстауда — батыс баспасөзін оқысаңыз, бұған көзіңіз жетеді. Ал оның айналасындағы белгілі адамдар кулуарда "билік транзиті" туралы жүз рет сөз қылып жатқанда, ол жай ғана жұмыс істеп жүр", — деп жалғастырды президент немересі.

Ол, мемлекет басшысының командасында көп адамның барын, олардың дені — өз ісінің шеберлері екенін атап өтті. 

"Бірақ, өкінішке орай, олардың кейбірі жұлдыз ауруын жеңе алмайды. (…) Бұл адамдар, өкінішке қарай елдің, халықтың мұңынан алшақ, өздерінің жеке пайдакүнемдік мүдделерімен шектеледі. Мұндай ауру адамдар күрделі мемлекеттік тапсырмаларды орындауға құлықсыз болып қалады. Олар менің атама екі есе жұмыс істеу керек кезінде несімен көмектеседі?", — деген сұрақ қойды өзіне жас жігіт. 

Жемқорлар мен жағымпаздар 

Айсұлтан Назарбаевтың атап өтуінше, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қазіргі басшысы Кәрім Мәсімов  президенттің айналасын жемқорлар мен жағымпаздардан тазартып жатқан көрінеді. 

"Ешбір жерде "халық жауы" деген ескі ұғым қолданылмайтын болды. Бірақ, менің пікірімше, бұл ұғым жоғары эшелондағы шенеуніктердің кейбіріне өте орынды келеді. Өйткені, олар бір-біріне емес, халыққа кесірін тигізуде. Атамды біле отырып, мен бұл ауыр жұмысты Мәсімов Қазақстан президентінің айналасын толық тазартқанша тоқтамайтынын нақты айта аламын", — деп жазды Айсұлтан Назарбаев. 

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Әшімбаев: Майлыбаев пен Дүтбаевтың қамалуларын байланыстырмас едім

Мұндай жағдайда, президент немересінің атап өтуінше, ең бастысы, жүйелі жұмысты "мыстандарды аулауға" айналдырмай, мақсат анық болуы тиіс – "ұрыларды ұстап, олардың жазасын заң бойынша беру". 

Адал мемлекеттік қызметкерлер "жағдай ушыққан" секілді болып көрініп, қорықпауы тиіс. Барлық ушығу адамның жан дүниесінен басталады. Себебі "ұры өзінің ұры екенін әрқашан біледі", — деп жалғастырды ол.

"Жеке мен үшін Ұлттық банк төрағасы Ақышев, президент аппаратының басшысы Жақсыбековтар өз орнын сақтап қала ма, сол қызық? Олардың тікелей қоластындағы адамдарға ауыр жемқорлық, мемлекеттік қылмыстар жасады деп күдік келтіріліп отырған жоқ па? Ал мен аталған азаматтарды жақсы білемін және олардың ту сыртынан тығылып қандай да бір істер жүргізгеніне ешқашан сенбеймін… Тексерулер бізге Өтемұратов пен Тасмағамбетов мырзаның қолдарын былғаған-былғамағанын көрсетеді", — дейді Назарбаев.

Көкелердің дәуірі аяқталып келеді 

Әйгілі есімдерді атаған Айсұлтан Назарбаевтың сөзіне қарағанда, жемқорлыққа белшесінен батқан адамдар аса көп емес. 

"Аллаға шүкір, мұндай фамилиялар шын мәнінде айтарлықтай көп емес. Олар туғызып отырған негатив елімізді бұлт үйіргендей жағдайға қалдыруда. Не дейміз, "көкелер"  дәуірі аяқталып келе  жатқан секілді. Қазақстан көз алдымызда өзгеріп келеді. ҰҚК-нің жаңа төрағасының осы қаптаған мәселелерді шешуге уақыты да мүмкіндігі де жетеді дегенге өз басым сенімдімін. Оның рөлі бүгінгі таңда ел үшін бұрынғыдан әлдеқайда маңызды болып отыр", — деп түйді ол. 

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Майлыбаев ісі: қамауға алынған Галихин бір ай бұрын "Құрмет" орденімен марапатталған

Ол  жастарды Қазақстанның тұрақтылық пен тәуелсіздікті нығайтуға қарай бет алған стратегиялық бағытын нығайтуға шақырды. "Уақыт өте келе, біз бұл үшін, Қазақстанның болашағы үшін өз балаларымыздың алдында жауап беретініміз анық".

"Жылдар өте келе, менің бой жетіп қалған қызым фейсбуктағы осы жазбамды оқитыны анық. Интернетте ешнәрсе жоғалмайды. Мен сол кезде оған Қазақстандағы жемқорлықты ертегідегідей еске алып отырамын деген үміттемін. Оған ел тізгінін әлдебір қара күштер басып алғысы келгенін, олар халыққа жақсылық тілемегенін айтып берермін… Бірақ кейіннен барлығы өзгерді", — деген арманда Елбасының немересі.

Жаңалықтар
0