Саясат

Латвия Қазақстанмен визасыз режимнің болғанына мүдделі

© pixabay/gustavmelin0Ұшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ливия кәсіпкерлері Қазақстанмен сауда саласында ынтымақтастықты жақсартуды көздеп отыр

АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Қазақстан елшісі Бауыржан Мұхамеджановтың Латвияға сапары барысында Астана мен Рига арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ригалық думаның баспасөз қызметі. 

Қайда демалуға болады: қазақстандықтарға виза қажет емес елдер - Sputnik Қазақстан
Инфографика
Қайда демалуға болады: қазақстандықтарға виза қажет емес елдер

Мұхамеджанов Ригалық думада қалалық даму комитетінің төрағасы Максим Толстой, Рига орталық  нарығы басқармасының төрағасы Андрис Морозовспен және кәсіпкерлермен кездесті. 

Кездесуде визасыз режим енгізу мен қалалар арасында тікелей рейстермен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Латвиялық кәсіпкерлер, олар үшін ең бастысы — сауда саласындағы ынтымақтастық екенін атап өтті. "Қазақстан пайдалы қазбалар мен ресурстарға бай, жақсы дамыған химия өнеркәсібі бар, ал Латвияда өз кезегінде озық технологиялар бар", — деп атап өтті кәсіпкерлер.

 Қазақстанның Латвиядағы елшісі өз кезегінде Ригадағы сумен жабдықтау жүйесін атап өтті. Бұдан бөлек Қазақстан қалдықтарды жою саласындағы латвиялық тәжірибені пайдалануға мүдделі. 

Астана мен Рига арасындағы ынтымақтастық пен даму жоспарларын талқылау жылына екі рет өтеді. 


Жаңалықтар
0