Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы "СК-Фармация" компаниясының қызметкерлерін жұмыстан қууды талап етті

28
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне қарағанда отандық фармацевтикалық саланы дамытуға кедергі келтіріп отырған "СК-Фармация" компаниясының қызметкерлерін тәртіпке салуды тапсырды.
Назарбаев потребовал уволить сотрудников компании "СК-Фармация"

"Фармация" деп мемлекеттік ақша беріліп жатқан бірыңғай дистрибьютерді атайды. Ол сатып алуға тапсырыстарды бөледі. Ол мафияға айналды. Олар тіпті фармацевтикалық фабрикаларды салуға да мүмкіндік бермейді.

Қазір "Фармацияда" отырғандардың бәрін босат. Қуып жібер. Жаңа адамдарды қойып, ақшаның қайда кетіп жатқанын анықтауды қамтамасыз ет", — деген тапсырма берді Елжан Біртановқа мемлекет басшысы. 


28
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіруді талқылауға қатысушылар

Түркиямен әуе қатынасы қашан қалпына келетіні талқыланды

0
Түркияның Қазақстандағы елшісі сыртқы істер министрлігіне шақырылып, түрік тарапының шешімі туралы ел үкіметін алдын ала хабардар ету өтініші жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Анкара қаласында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожамен кездесіп, екі ел арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.

Тараптар коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында бірлескен іс-шаралар қабылдауға және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Сондай-ақ, қазақстандық тарап Түркия үкіметіне пандемия кезінде елімізге көрсеткен ізеттілік көмегі үшін ризашылығын білдірді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой түрік тарапын COVID-19 індеті бойынша еліміздің қазіргі жағдайы туралы ақпараттандырды. Ол Қазақстандағы ахуал тұрақталғанын және бақылауда екендігін атап өтті.

"Келіссөздер нәтижесінде Түркия денсаулық сақтау министрі Қожа аталған мәселені өз еліндегі коронавирус індетімен қарсы күрес жөніндегі ғылым кеңесінің келесі отырысының күн тәртібінде талқылауға қайта шығаратынына сендірді. Сондай-ақ, Қазақстандағы оң динамиканың жалғасуын ескере отырып, бұл мәселе жуық арада өз шешімін табады деп үміттенетінін жеткізді", – делінген хабарламада.
Казахстан и Турция обсудили вопросы возобновления авиасообщения
© Photo : Пресс-служба МИД Казахстана
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келетіні талқыланды

Сонымен қатар, 7 тамызда Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлұмен Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерді тоқтата тұру мәселесі бойынша телефон арқылы сөйлесті.

Оқи отырыңыз: "Өкінішпен естідім": Түркия президенті Назарбаевқа жеделхат жолдады

Түркия сыртқы істер министрі бұл шешім бауырлас халықтардың екіжақты қарым-қатынасына байланысты емес екеніне және тұрақты рейстерді қайта бастау туралы шешім мемлекеттік комиссияның келесі отырысында қаралатынына сендірді.

Оған қоса, сыртқы істер министрлігіне Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи шақырылып, түрік тарапының осындай шешімдері туралы Қазақстан үкіметін алдын ала хабардар ету өтініші жеткізілді.

0
Кілт сөздер:
Қазақстан, Түркия Республикасы, әуе қатынасы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
"Қазақстандықтардан басқа ешкім жоқ": Түркия шекараны ашты
Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірқатар қалаға әуе қатынасы жанданды
Ресей мен Грузия арасында тікелей әуе қатынасы тоқтатылды
Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады – Ресей елшілігі
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы жанданады
Ақорда

Тоқаев елшіні қызметінен босатты

12152
(Жаңартылды 13:33 07.08.2020)
Андриан Елемесов Мексикадан бөлек Қазақстанның Панама, Коста-Рика, Доминикан Республикасы мен Ямайкадағы елшісі болды

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Андриан Елемесовті Қазақстанның Мексикадағы елшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Біріккен Мексика штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстанның Доминикан Республикасындағы, Ямайка, Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Андриан Елемесов туралы не білеміз?

Андриан Көпмағамбетұлы 1963 жылы 10 шілдеде дүниеге келді.

1985 жылы Қазақ химиялық технологиялар институтын бітірген. Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері мен сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясының жанындағы құрылымдық бөлімше жетекшілеріне арналған курстардан өткен.

Ол 2015 жылдың тамыз айында Мексикада мен Панама, Коста-Рика, Доминикан Республикасындағы, 2018 жылдың қыркүйек айында Ямайкадағы төтенше және өкілетті елші болып тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Экс-елші Лукашенко Назарбаевтың отставкасы туралы не дегенін айтты

2008 жылы Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін Кавалер орденімен марапатталған.

12152
Кілт сөздер:
Қазақстан елшісі, елші
Тақырып бойынша
АҚШ Қазақстандағы биліктің ауысуы туралы не дейді – елші айтып берді
Тоқаев төрт елге жаңа елші тағайындады
Пиджагін шешіп, бір қолға тұра қалған елші президентті күлдірді - фото
Тасмағамбетовтің орнына келген жаңа елші туралы не білеміз?
Қазақстан және Ресей: Елші әріптестіктің басты бағыттарын атады