Алтай Абибуллаев

ҚР-ның Польшадағы елшісін мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартуы мүмкін

18
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаевтың не үшін жазалануы мүмкін екені нақтыланбайды

АСТАНА, 9 ақп – Sputnik. Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаев мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлады бейсенбіде Ақорданың баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметтің ақпаратына сәйкес, мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

"Отырыста Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Әбибуллаевты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралды", — делінген хабарламада.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша А.Әбибуллаевқа қызметке сәйкестігінің толық еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс енгізуге шешім қабылданды.

 

18