Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығына ұсынылды

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Швейцарияның Бейбітшілік ғылыми-зерттеу институтының директоры Назарбаевты ядролық қаруды жоюдағы еңбегі үшін Нобель сыйлығына ұсынды

АСТАНА, 27 ақп – Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен "АТОМ" жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіковті Нобель сыйлығына ұсынылды, бұл туралы өзінің  Facebook желісіндегі парақшасында Базель бейбітшілік кеңесі Бейбітшілік ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе жазған. 

Варенің сөзіне қарағанда, ол Назарбаев пен Күйіковті ядролық қаруды жоюдағы ерен күш-жігерлері үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынған. 

Мәлімдемеде Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті ретінде ядролық қарусыздану саласында бірқатар маңызды бастамалар қабылдағандығы айтылған. Оның ішінде Семей полигонын жабу. 

Нобель бейбіт сыйлығы – бейбітшілікті нығайту саласындағы жетістіктер үшін Нобель қоры жыл сайын ұсынатын абыройлы сыйлық. 


Жаңалықтар
0