Саясат

Астанада Сирия бойынша келіссөздер басталды

© SputnikБәйтерек
Бәйтерек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесуге алғаш рет Америка Құрама Штаттарының өкілдері қатысады

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Астанада Сирия бойынша халықаралық кездесу төртінші рет өтіп жатыр, процестің барлық қатысушылары қатысатындықтарын растады. Астанаға Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен қаруланған сириялық оппозиция делегациялары, сондай-ақ Иорданияның жоғары лауазымды өкілдері келді. Кездесуге алғаш рет америкалық тараптан АҚШ мемлекеттік хатшысының Таяу Шығыс бойынша көмекшісі Стюарт Джонс қатысады.

Астана - Sputnik Қазақстан
Саясат
Сириялық оппозиция Астанадағы келіссөздерге қатысатынын растады

Бұдан бұрын АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Sputnik тілшісіне айтқандай, Америка Құрама Штаттары Астаналық процестен еш нәтиже шықпағанына алаңдаулы.

"АҚШ зорлық-зомбылықты тоқтатып, барлық мұқтаж сириялықтарға гуманитарлық көмек беруді қамтамасыз ететін кез келген пікірталасты қолдайды. Алайда біз Астаналық процестің айтылған мақсаттарға қол жеткізбегеніне алаңдаулымыз", — деген пікір білдірді мемлекеттік департамент өкілі.

ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов өз кезегінде алдыңғы кездесулерде қол жеткізілген нәтижелер туралы айтып өтті.

"Өтіп жатқан кездесудің мақсаты — келіссөздердің алдыңғы үш кезеңінде қол жеткізілген жетістіктерді бекіту. Қаруланған оппозиция өкілдері келіссөздерге белсенді қатысып жүр. Айта кеткеніміз жөн, Қазақстан келіссөздерді жүргізуге алаң ұсыну мен қатысушыларға қолайлы жағдай туғызуды жалғастыра береді. Нәтижелер туралы сөз қозғайтын болсақ, қарулы қақтығыстарды тоқтату режимін нығайту сияқты жетістіктерге қол жетті. Сонымен бірге, миналарды алып тастау бойынша да қарқынды жұмыс жүргізілуде", — деп атап өтті Жайнақов.

Жаңалықтар
0