Саясат

Елбасы Мәсімовке ЭКСПО-дағы қауіпсіздікті бақылауы тапсырды

© Sputnik / Анатолий Устиненкополицей көлілі
полицей көлілі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның құқық қорғау органдарына дүниежүзілік көрмені өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырылды

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі және осы кезеңде өтетін ауқымды халықаралық іс-шаралар аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін  толық бақылауға алу қажеттігін атап өтті. 


Жаңалықтар
0