ШЫҰ

Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ-ның мүшесі атанды

28
(Жаңартылды 16:23 09.06.2017)
Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ-на толыққұқықты мүше елдер қатарына қосылды

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Астанада жұма күні өтіп жатқан саммитте Үндістан мен Пәкістан Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшесі атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үндістан мен Пәкістанды ШЫҰ мүшелігіне қабылдаудың аяқталғаны туралы құжаттарға қол қойылды.

"Нарендра Моди мырзаны (Үндістан премьер-министрі), Наваз Шариф мырзаны (Пәкістан премьер-министрі) біздің кеңес құрамына қосылуыларымен, ал елдердің халқын ШЫҰ-ның толыққұққыты мүше мемлекеті атануымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер", — деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев құжаттарға қол қою рәсімінен кейін.

Елбасы бұл оқиғаның ШЫҰ дамуындағы жаңа дәуірді ашып, оның әлеуетін біршама арттыратынына, ұйымның халықаралық абыройын көтеретініне сенім білдірді.

28