Паспорт

Қазақстандық төлқұжат Орта Азияда ең "мықты" деп танылды

91
Төлқұжат күші визалық мүмкіндіктердің кеңдігі бойынша анықталды. Аспан көк түсті құжат Қырғызстан мен Өзбекстанның өз аналогтарын басып озды

АСТАНА, 15 шілде — Sputnik. Қазақстандық төлқұжат Passport Index порталы жасаған рейтинг қорытындылары бойынша Орталық Азияда ең "мықты" деп танылды.  

Тізімдегі орындар азаматқа визасыз кіруге болатын елдер саны секілді көрсеткішпен іріктелді. 

Қазақстан Қырғызстан (68-ші орын және емін еркін кіретін 58 ел), сондай-ақ Өзбекстан (72-ші орын 54 ел), Тәжікстан (71-ші орын, 54 ел) және Түркменстан (78-ші орын, 48 ел) сияқты елдерді басып озып, 56-шы орынға ие болды (71-ші орын, 54 ел). 

Алайды посткеңестік елдер арасында ахуал өзгереді: қазақстандық төлқұжат 56-шы орынды Беларусьпен бөлісіп, мықты "орта" болады. Мәселен, Қазақстанның алдында Литва мен Латвия (10-ші орын – 149 ел), Эстония (11-ші орын, 148 ел), Украина (32-ші орын, 119 ел), Ресей (40-шы орын 108 ел), сондай-ақ Молдова мен Грузия (42-ші және 43 орындар, 105 және 104 ел) тұр. 

Рейтинг көшбасшыларының үштігі – Германия (158 ел), Сингапур (158) және Швеция (157). Рейтингтің соңында Ирак (26 ел), Пәкістан (25 ел) және Ауғанстан (22 ел) тұр. 


91
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев "Астана" қаржы орталығының артықшылығын атады

58
(Жаңартылды 18:18 08.07.2020)
Мемлекет басшысының айтуынша, халықаралық қаржы орталығы Қазақстанның инвестициялық бағдарламасының тиімді жүзеге асуына атсалысады

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) сотының жаңадан тағайындалған төрағасы Лорд Манстың ресми ант беру рәсіміне онлайн форматта қатысты, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде, Қазақстан халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи, кәсіби және тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Осы орайда тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Астана" халықаралық қаржы орталығының сотын құру арқылы еліміз сот жүйесіндегі құрылымдық реформаларға бейілді екенін тағы бір мәрте анық айқындап отыр.

Сондай-ақ, Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының соты Қазақстанда жұмыс істеп жатқан немесе елімізге келуді жоспарлап отырған инвесторларға әлемдегі барлық ірі қаржы орталықтарындағыдай лайықты соттармен, сот процесстерімен, тәжірибесімен және стандарттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне тоқталды.

"Жалпы құқық бойынша тәжірибелі соттар өздерінің бейтараптылығымен, әділдігімен және бармақ басты, көз қыстыға көнбейтіндігімен танымал. Сондай-ақ олар сот жүйесінің тұрақтылығы мен құқық бұзылмауының кепілі", – деді президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, пандемия мен мұнай бағасының құлдырауынан туындаған қазіргідей дағдарыс кезінде ел экономикасын қайта қалпына келтіру жұмысында, инвестиция тарту барысында "Астана" халықаралық қаржы орталығының маңызы арта түскен. 

"АХҚО сенімді қаржылық платформа ұғымының синониміне айналып, шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген сенімін арттыруы керек. Өз кезегінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының маңызды бөлігі ретінде қаржы орталығының тәуелсіз сот жүйесінің жалпы құқық бойынша сотына АХҚО-ның қызметінде ерекше рөл атқарады. Соған сәйкес Қазақстанның инвестициялық бағдарламасының тиімді жүзеге асуына атсалысады", – деді мемлекет басшысы. 

Оқи отырыңыз: Пандемия дәстүрді бұзды – Тоқаев Астана күніне арналған шараға бармады

Шара соңында Қазақстан президенті Лорд Вульфке қаржы орталығының сот жүйесін құру барысында сіңірген еңбегі үшін алғыс айтып, Лорд Мансқа АХҚО сотының төрағасы ретіндегі жұмысына табыс тіледі.

58
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, "Астана" қаржы орталығы
Тақырып бойынша
Қазақстанда Назарбаевқа ескерткіш ашылды: Тоқаев сөз сөйледі
Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
Тоқаев Назарбаевты қалай құттықтады – фото
Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды
Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат берді

2399
(Жаңартылды 08:42 07.07.2020)
Қазақстанның тұңғыш президенті деректі фильм аясында сұхбат беріп, өзінің саяси карьерасы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде - Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің арманын бөлісті.  

"Хабар" телеарнасында  "Пусть следующие поколения сделают лучше меня" деп аталатын деректі фильм жарыққа шықты. Елбасы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңі туралы сөз қозғады.

20 жылға кейін оралу мүмкіндігі болса, өз-өзіңізге не деп айтар едіңіз деген сауалға Назарбаев арманым орындалды деп жауап берді.

"Бұл сауалға қысқа жауап қайыра аламын. Мен өз арманын орындаған адаммын. Қолымнан келген нәрсенің бәрін жасадым. Келесі ұрпақ менен де артық жасасын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол кез келген саясаткер үшін мақсатқа жету маңызды екенін атап өтті. 

"Ойладың, жоспар құрдың және орындадың - бұл саясаткер үшін бақыт", - деді Елбасы.

Тағы оқыңыз: Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты

2399
Тақырып бойынша
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
"Бүкіл ауыртпашылығын сезіндім": Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығы туралы айтты
Назарбаев билік ауысқан кезде не болатынын айтты - видео
Назарбаев туған күнінде қазақстандықтарға үндеу жасады – видео
"Мен таңғалған жоқпын": Горбачев Назарбаев туралы сұқбат берді
Дәрі-дәрмек

Денсаулық министрі дәрілік шөптерді ішуге кеңес берді

0
Министрдің айтуынша, жоғары температурада антибиотиктерді қабылдағанда вирустар мен бактериялар қатты дәріге тез үйренеді. Салдарынан ауру асқынғанда антибиотиктер көмектеспеуі де мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой антибиотиктерді алдын ала қабылдамау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде үйде емделетіндердің көбісі бірден антибиотик ішуді бастайды. Бұл – үлкен қателік. Олай істеген дұрыс емес. Егер дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп немесе үш күн бойы жоғары температура түспесе, қызуды басатын дәрілерді қабылдаған дұрыс, сан алуан шөптерді ішуге болады. Суды көбірек ішіңіз", – деді Цой бүгінгі онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, антибиотиктердің кері әсері қатты. Ал ең бастысы, дүрбелеңге салынбау қажет.

"Қызуды басатын дәрілерді де тек 38 градустық температура болса ғана ішу керек. Оған дейін адамның ағзасы вирустармен және бактериялармен өзі күреседі, Негізі, жоғары температура болмаса, иммунитет ауруды өзі жеңе алады. Ал антибиотиктерді тек дәрігерлердің нұсқауымен ғана қабылдау қажет", – деп атап көрсетті Цой.

Осы орайда министр антибиотиктердің кері әсеріне тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, адамдар жоғары температура болмаса да, антибиотиктерді қабылдауды бастайды. Ондайда вирустар мен бактериялар қатты дәріге тез үйреніп қалады. Соның салдарынан ауру асқынғанда антибиотиктер көмектеспеуі де мүмкін.

Оқи отырыңыз: Президент дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі қай кезде шешілетінін айтты

"Бүгінде біз арнайы нұсқаулықтарды әзірледік. Оны министрліктің ресми сайтынан табуға болады. Сол жерде амбулаториялық деңгейде, яғни үйде емделу тәртібі жазылған. Міне, осы ақпаратты пайдалану қажет", – деді Цой.

0
Кілт сөздер:
емделу, дәрі
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
Ресейлік дәрі-дәрмек пен медтехника қазақстандықтарға аурудан айығуға көмектеседі
Нұр-Сұлтан дәріханаларында дәрі-дәрмек сатуға лимит қойылады
Шымкент әкімі дәрі-дәрмек сатып алуға қатысты кеңес берді