Әділбек Жақсыбеков

Президент Жақсыбековке зейнетке шыққаннан кейін жұмыс істеуге рұқсат берді

1033
(Жаңартылды 17:17 19.07.2017)
Президент әкімшілігінің басшысы келесі жылы зейнетке кетпейтін болды

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтің өкілеттігін ұзартты, деп хабарланған Ақорданың сайтында. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековтің өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2022 жылғы 26 шілдені қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды", — деп жазылған хабарламада. 

Жақсыбеков Қазақстан президенті әкімшілігіне өткен жылдың маусымынан жетекшілік етеді. Ол қазіргі уақытта 62 жаста. 1954 жылы 26 маусымда дүниеге келген. Бұл қызметке Нұрлан Нығматулиннің орнына келген болатын. 


1033
Загрузка...