Саясат

ҰҚШҰ "Әскери бауырластық -2017" оқу жаттығулары Қазақстанда өтеді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚазақстандық әскерилердің оқу жаттығулары
Қазақстандық әскерилердің оқу жаттығулары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқу жаттығулары кезінде 1,5 мың әскери және арнайы техника жұмылдырылады

АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. 16-20 қазан аралығында Қазақстанның екі полигонында ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің қарулы күштері барлау бөлімдерінің оқу жаттығулары өтеді, деп хабарлады ҰҚШҰ біріккен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров. Оқу жаттығулары Ресей, Қазақстан және Армения полигондарында үш кезеңмен өткізіледі. Алғаш рет жедел-стратегиялық сипаттағы оқу жаттығулары "Әскери бауырластық —2017 деген атпен алғаш рет өткізіледі.  

Қазақстанда оқу жаттығуларының бітімгершілік бөлігі "Мызғымас бауырластық-2017" деген атпен Іле және Шошқакөл полигондарында 2017 жылдың 16-20 қазан аралығында өтеді. 

"Оқу жаттығуларына 12 мың әскерилер қатысып, 1,5 мың әскери және арнайы техника, сонымен қатар 90 бірлік ұшу аппараттары жұмылдырылады. Оқу жаттығулары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және қандай да бір мемлекетке қарсы бағытталмаған",  — деп хабарлады Сидоров. 

Оқу жаттығулары ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің жедел және әскери дайындық органдары басқармасының 2017 жылғы жоспарына сәйкес өткізіледі. 

 

 

 


Жаңалықтар
0