Саясат

Назарбаев: Қырғызстан Жээнбековтің басшылығымен жаңа жетістіктерге жетеді

© Photo : Пресс-служба правительства Кыргызстана / Сабыр АильчиевСооронбай Жээнбеков
Сооронбай Жээнбеков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Президенті Сооронбай Жээнбековке мемлекет басшысы қызметінде сәттілік тіледі

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сооронбай Жээнбековті Қырғызстанның президенттігіне сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Сооронбай Жээнбеков - Sputnik Қазақстан
Саясат
Жээнбеков өзінің Назарбаевқа деген көзқарасы туралы айтып берді

Назарбаев өзінің хатында Қырғызстан Сооронбай Жээнбековтің басқаруымен өзінің даму жолындағы жаңа белестерге шығатынына сенімділік білдірді.  

"Мен, Қазақстан мен Қырғызстан арасында екі жаққа да тиімді серіктестікке негізделген қарым-қатынасы одан ары өз жалғасын табатынына сенімдімін. Сізге жауапты мемлекеттік қызмет атқару жолында зор денсаулық пен жетістіктер, ал бауырлас қырғыз халқына ашық аспан мен амандық тілеймін", — делінген Президент Назарбаевтың жедел хатында.

Қырғызстандағы Президент сайлауы 15 қазанда өтті. 16 қазандағы мәліметтерге сәйкес, Сооронбай Жээнбеков сайлаушылардың 52,55% дауысына ие болып, жеңіске жетті.

Жаңалықтар
0