Қоғам

Қазақстан мен Сауд Арабиясы сотталған адамдарды беру туралы келісті

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтукісен
кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауд Арабиясында сотталған қазақстандықтар енді жазаны өз елінде өтейді

АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Сенат депутаттары  "Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы келісімге 2016 жылы қазанда Эр-Риядта қол қойылған.

Келісімнің мақсаты сотталған адамдардың қоғамға қайта араласуына жәрдемдесу үшін олардың жазаны өздері азаматы болып табылатын мемлекетті өтеуі болып табылады. 

"Яғни, егер Қазақстанның азаматы Сауд Арабиясында қылмыс жасап, сотталса, ол бұл жазасын өз елінде өтей алады. Өз кезегінде Қазақстанда сотталған Сауд Арабиясының азаматы да туған елінде жазасын өтейді. Осылайша, бұл келісім шетелде сотталған қазақстандық азаматтарды қорғауға бағытталған", — деген еді бұған дейін ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин. 

Тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа оның аумағында сол елдің кез келген азаматына қатысты шығарылған, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін, соттың заңды күшіне енген үкімдері туралы дереу хабарлайды. 

Бұдан бөлек, егер тараптардың бірі сотталған адамды беру оның егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне нұқсан келтіреді немесе ұлттық заңнамасының іргелі қағидаттарына қайшы келеді деп шешсе, сондай-ақ сотталған адамға қатысты үкім мемлекеттік қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыс үшін шығарылса, мемлекет оны беруден бас тартуы мүмкін.


Жаңалықтар
0