Саясат

Сирия бойынша Астанада өтетін келіссөздерге барлық тарап қатысады – CІМ

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сирия бойынша келіссөздер Астанада 30-31 қазанда өтеді

АСТАНА, 27 қазан— Sputnik. Сирия жөніндегі Астана процесінің барлық тарапы Астанада 30-31 қазанда өтетін кездесуге қатысатынын растады, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі. 

Владимир Путин мен Реджеп Тайип Эрдоган - Sputnik Қазақстан
Саясат
Путин мен Ердоған Астанадағы Сирия бойынша келіссөздердің жетістігін атап өтті

Министрлік хабарлағандай, Ресей делегациясына РФ президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал, Иран делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Хусейн Джабери Ансари басшылық етеді.

Алдағы кездесуге Сирия үкіметінің және сириялық оппозицияның, сондай-ақ байқаушы ретінде БҰҰ, АҚШ және Иорданияның өкілдері қатысады.

Іс-шараның басталуынан бір күн бұрын кепілгер-елдердің өкілдері сарапшылар деңгейінде екіжақты және үшжақты консультациялар өткізуге ниетті. Жалпы отырыс барлық тараптың қатысуымен 31 қазанда өтеді.

Алдағы кездесу Сирияда ұрыс іс-қимылдарын доғару режимін нығайту бойынша қол жеткізілген нәтижелерді сақтауға, сондай-ақ дағдарысты саяси реттеуге өту кезеңінде аталған елдегі жағдайды әрі қарай тұрақтандыру шеңберінде күш-жігерлерді арттыруға бағытталған.


Жаңалықтар
0