Алмазбек Атамбаев

Атамбаев Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жойды

825
(Жаңартылды 18:16 16.11.2017)
Қырғызстан Қазақстан бөлген 100 миллион доллар көмектен бас тартты

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 100 миллион доллар бөлу жөнінде Қазақстанмен жасалған келісімнің күшін жою туралы заңға қол қойды, деп хабарайды Қырғызстан басшысының баспасөз қызметі. 

Заңды қырғыз парламенті 9 қарашада қабылдаған заң ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

"Заңның екінші бабына сәйкес Қырғызстанның сыртқы істер министрлігіне бекітілген тәртіпте Қазақстан үкіметін келісімнің күші жойылғанынан құлағдар ету тапсырылды", — деп жазылған хабарламада. 

Келісімнің күшін жою туралы шешім қырғыз еліндегі президенттік сайлаудың алдында Бішкек пен Астана арасында туындаған дипломатиялық жанжалдан кейін қабылданған еді. Екі елдің басшылығы Қырғызстанның президенті Алмазбек Атамбаевтың қазақстандық билік туралы айтқан сөзінен кейін келіспей қалды. 

Қазақстан биылғы жылы шілдеде Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы келісімді ратификациялаған болатын. Бұл қаражат Қырғызстанға Еуразия экономикалық одаққа қосылуына байланысты іс-шаралары жүзеге асыру үшін ұсынылды. 


825