Саясат

Трамп Қазақстан президентін Ақ үйге шақырды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасының Вашингтонға сапары аясында екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері талқыланбақ

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Ақ үйге шақырды. Бұл туралы Астана клубының үшінші отырысында белгілі болды. 

Ақорда баспасөз қызметі YouTube-тегі каналына отырыстың видеосын жариялады. 

Нұрсұлтан Назарбаев Нұр Отан партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: біз ДАИШ-ты жеңудің аз-ақ алдында тұрмыз
"Жақында телефон арқылы әңгімелескенімізде президент Трамп мені Ақ үйге шақырды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етеді, мен де сонда боламын. Сол уақытта Вашингтонға барамын деп келістік. АҚШ сияқты әлемнің жетекші елімен талқылайтын мәселе әрдайым табылады», — деді Назарбаев. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда 300-ден астам америкалық компания жұмыс істейді. Олар ел экономикасына 50 млрд долларға жуық инвестиция құйды. Қазақстан Америкамен бірлескен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті.


Жаңалықтар
0