Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа барады

© Photo : Официальный сайт президента РКНұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыхановпен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыхановпен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент келесі жылдың басында Америка Құрама Штаттарына барады

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесуде Қазақстан Президентінің келесі жылдың басында Америка Құрама Штаттарына жасалатын сапарына қатысты жүргізіліп жатқан дайындық барысы жөнінде Мемлекет басшысына баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сапардың маңыздылығына тоқталып, оның аясында жоғары деңгейде бірқатар маңызды кездесулер өтіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысу жоспарланып отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Жаңалықтар
0