Назарбаев пен Атамбаев

Қырғыз сарапшысы: екі президенттің ісіне араласпайық, өздері шешеді

193
(Жаңартылды 15:26 30.11.2017)
Қырғыз сарапшысы қазіргі қалыптасқан жағдайға кімнің кінәлі екенін айтты

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Қырғызстан халқы Ассамблеясының төрағасы Токон Мамытов қазақ-қырғыз арасында қалыптасқан қазіргі жағдайға екі елдің шенеуніктері кінәлі деп есептейді. Бұл туралы ол Астана-Бішкек бейнекөпірі барысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бірінші кезекте қазіргі қалыптасқан жағдайға сіздердің де, біздің де шенеуніктер кінәлі. Олар бір мезетте мемлекет басшыларының адвокаттары бола қалды. Менің ойымша, бұлай жасауға болмайды. Біздің мемлекет басшыларымыз адвокатқа мұқтаж емес. Оларға мандатты халық берді, сондықтан тек халық қана айта алады", — дейді сарапшы. 

Ол екі президенттің ісіне араласпаған жөн деп есептейді. 

Сооронбай Жээнбеков
© Photo : Пресс-служба правительства Кыргызстана / Сабыр Аильчиев

"Біз мемлекет басшыларының қарым-қатынасын, жабық кездесулерде, екіжақты жабық отырыстарда қандай мәселелерді талқылайтынын білмейміз. Сондықтан шенеуніктер де, журналистер де, қоғам қайраткерлері де, партиялар да екі президенттің ісіне араласпауы керек. Бізсіз-ақ өздері сөйлесіп, өздері шешеді. Тек алға жылжып, тату өмір сүрейік", — деп түйді сөзін Мамытов. 

Естеріңізге салып өтсек, президент сайлауы кезінде кандидат Өмірбек Бабановтың Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі Атамбаевтың ашуына тиген еді. Осыдан кейін ол Қазақстанның билігін қатты сынға алды. Тура үш күннен кейін қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кезек түзіліп, түрлі проблемалар басталды. Қазақстандық тарап контрабандамен күресіп жатқанын мәлімдеді. 

 

 

193
Загрузка...