Саясат

Назарбаевтың Вашингтонға сапары сәтті болады – АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі

© AP Photo / J. Scott ApplewhiteАҚШ туы
АҚШ туы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен бірге қауіпсіз әлемге апарар жолды іздеуді көздейді

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. АҚШ мемлекеттік департментінің Оңтүстік және Орта Азия бойынша жоғары лауазымды өкілі Элис Уэллс Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы қаңтардағы Вашингтонға сапары сәтті әрі сындарлы болатынына сенімді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыхановпен кездесті - Sputnik Қазақстан
Саясат
Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа барады
 

"Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қаңтарда төраға болады, біз Астанадағы конференция аясында қазақстандық әріптестермен бірігіп жұмыс істеуді асыға күтеміз және Вашингтонда да әлемді одан да қауіпсіз ету жолдарын іздеуді әрі жалғастырмақпыз. Сонымен бірге президент Назарбаевтың қаңтар айындағы АҚШ еліне сапарын асыға күтеміз. Бұл кездесудің сәтті әрі сындарлы болатыны сөзсіз", — деді Элис Уэллс Астанадағы стратегиялық серіктестік бойынша қазақстандық-америкалық комиссияның шолу сессиясынан кейінгі брифингте.

Өткізілген кездесуде тараптар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шаралар жоспары, Оңтүстік Азия аймағы бойынша стратегия және Ауғанстанға қатысты саясат сияқты маңызды мәселелерді талқылады.

Жаңалықтар
0