Саясат

Әбдірахманов Қытаймен ынтымақтастық қалай дамитынын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан және Қытай тулары
Қазақстан және Қытай тулары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытаймен экономиканың түрлі салаларында жалпы сомасы 26 миллиард доллар болатын елуден астам өндіріс жобасының тізімі бекітілген

АСТАНА, 25 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан Қытаймен жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға үлкен мән береді, деді Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәжілістегі үкімет сағатында.

"Қазақстан шығыс-азиялық бағытта прагматикалық және белсенді саясат жүргізеді. Бірінші кезекте Қазақстан Қытаймен жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға үлкен мән береді. Біз сындарлы ынтымақтастық динамикасын оң бағалаймыз. Арамызда сенім мен тату көршіліктің жоғары деңгейі сақталуда. Бүгінде Қытай геосаяси ықпалы өсіп келе жатқан қуатты, экономикалық әлеуетті, ауқымды қаржылық және технологиялық мүмкіндіктері бар ел. Бейжің он жыл мерзім ішінде 14 миллиард доллардан астам инвестиция салған Қазақстандағы негізгі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады", — деді Әбдірахманов үкімет сағатында.

Қорғас - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қытай "Қорғас" орталығындағы өз аумағына сақалды адамдарды кіргізбей жатыр

Министрдің айтуынша, екі ел жоғары деңгейдегі қарқынды диалогты сақтап отыр. Қытай Халық Республикасының төрағасы болып сайланған күннен бері Си Цзиньпин Қазақстанға үш рет келсе, Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы кезеңде бес рет барған. 

"Қытай тарапымен бірге жаңа экономикалық "Нұрлы жол" бағдарламасын Қытайдың төрағасы Си Цзиньпиннің 2013 жылы Назарбаев Университетінде алғаш рет жариялаған "Белдеу және жол" бастамасымен ұштастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.  Қазақстан "Белдеу мен жол" бағытында бірінші ел болғандықтан Еуропаның Қытаймен негізгі байланыс буыны және еуразиялық континенттік көпірдің басты бөлігі болып табылады. Қытаймен экономиканың түрлі салаларында жалпы сомасы 26 миллиард доллар болатын елуден астам өндіріс жобасының тізімі бекітілген болатын. Оның бес жобасы іске қосылып жатыр", — деді ол. 

Бұдан бөлек, министр Қазақстанның Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Вьетнам, Сингапур, Малайзия, Индонезия елдерімен көпжақты әріптестікті тереңдетуге ниетті екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0