Саясат

Елбасы Вашингтонға ресми сапармен барды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуАқ үй
Ақ үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

"Қазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездеседі", — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.

Жаңалықтар
0