Мұхтар Құл-Мұхаммед

Мұхтар Құл-Мұхаммед сенатор болып тағайындалды

155
(Жаңартылды 12:25 02.02.2018)
Президент Мұхтар Құл-Мұхаммедті "Нұр Отан" партиясындағы қызметінен босатқан болатын

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", — делінген хабарламада. 

Ал "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Мәулен Әшімбаев келді.

Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед – ҚР мемлекет және саяси қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты (1995), заң ғылымдарының докторы (1999), профессор (2001). Нью-Йорк Ғылыми академиясының толық мүшесі (1997), ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (2001).

1960 жылы 12 желтоқсанда  Қытай Халық Респубикасының Шәуешек қаласында туған. 1961 жылы Құл-Мұхаммед әулеті тарихи Отаны – Қазақстанға оралып, Мақаншы ауылына орнығады (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы).

Қазақ мемлекеттік университетін (1982, қазіргі ҚазҰУ) бітірген.

  • "Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясының ғылыми редакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы – бас редактордың орынбасары (Алматы, 1982–1992).
  • "Атамұра" корпорациясының президенті (Алматы, 1992–1999).
  • Бұған қосымша 1994-1995 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, профессор міндетін атқарушы (Алматы).
  • 1995 жылы "Қазақстанның ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік тарихының проблемалары" (революцияға дейінгі орыс энциклопедиялары бойынша) атты тақырыпта кандидаттық диссератция қорғады.
  • 1999 жылы "Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басы)" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
  • ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығарушылық және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитет хатшысы, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (Астана, 1999–2001).
  • 2001 жылғы 31 мамырда Жоғарғы аттестациялық комитеттің шешімімен құқықтану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
  • ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі (Астана, 2001–2003).
  • ҚР Президентінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы (Астана, 2003–2006).
  • ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы, (Астана, 2006-2007).
  • Қызылорда облысының әкімі. Бұған қосымша 2008 жылдың наурызында ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды (Қызылорда, 2007–2008).
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Астана, 2008–2010).
  • ҚР Мәдениет министрі (Астана, 2010-2012).
  • ҚР Мемлекеттік хатшысы (Астана, 2012-2013).
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Астана, 2013-2014).
  • 2014 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.
  • 2015 жылғы Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың (РҚШ) жетекшісі болды.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (Астана, 2014-2016).
  • 2016 жылғы 6 мамырда "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

155
Кілт сөздер:
"Нұр Отан" партиясы, Мұхтар Құл-Мұхаммед
Загрузка...