Кәрім Көкірекбаев

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

367
(Жаңартылды 09:20 08.02.2018)
Кәрім Көкірекбаев Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болып тағайындалды

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарланған Ақорданың ресми сайтында. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", — деп хабарланған сайтта.

Ал осы уақытқа дейін көрші мемлекетте елші болған Айымдос Бозжігітов  Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды. 

Айта кетсек, биыл қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Көкірекбаевты Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатты. Ол облысты төрт жылдан астам басқарды. Оның орнына Асқар Мырзахметов тағайындалған болатын. 


367
Кілт сөздер:
бұрынғы әкім, елші, жаңа қызмет, Кәрім Көкірекбаев, Қырғыз Республикасы, Жамбыл облысы
Загрузка...