Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында

Қазақша сөйлемеген Көшербаевқа Елбасы ескерту жасады

1702
(Жаңартылды 17:06 11.02.2018)
Астанада мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндамасын орысша бастаған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Отырыста Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қазақша сөйледі. Ал одан кейін сөз алған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев баяндамасын орысша дайындаған екен.  

"Сіз біздің алдымызда қойған негізгі мақсат экономиканы әртараптандыру болып отыр…", — деп Қырымбаевтың орысша бастаған сөзін Елбасы бөлді.  

"Қызылордадан келсең де, қазақша бастамайсың, ә", — деді мемлекет басшысы.

"Қазақша білетінімді бәрі біледі ғой. Сізге экономикалық термин ыңғайлы болсын деп, рұқсат етсеңіз", — деді облыс әкімі. 

Президент "Ал, жарайды" дегеннен кейін Қырымбек Көшербаев орысша жалғастырып кетті.

1702
Загрузка...