Саясат

Назарбаев: өз ішіміздегі мәселелерді шешу үшін 5 мемлекеттің басшысы кездесіп отырмыз

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Астанада Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі өтеді

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Ақордаға бірінші болып келген Қырғызстанның мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбековпен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кездесіп, мәртебелі мейманға өз ілтипатін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Рахмонға: Қазақстанда бар тауарды Еуропадан тасымалдаудың қажеті не?

"Шын жүрегімізбен сіздерді қабылдап жатырмыз. Барлық жұмыстарды қарастырудамыз. Екеуіміз кездескеннен кейінгі келісілген мәселелер барлығы шешіліп жатыр. Екі мемлекеттік жол картасы бар. Сауда-саттық жақсы дамуда. Болашақта барлығын дұрыс болады деп есептейміз. Өзбекстан, Тәжікстанмен де көп жұмыстар жасалып жатыр. Мұның барлығы ел үшін жасалуда", — деді Назарбаев. 

Елбасы кездесу барысында бес мемлекеттің арасындағы көптеген маңызды мәселенің шешілетініне сенім білдірді. 

"Бүгін бес мемлекеттің басшылары кездесіп, ішіміздегі жағдайларды, экономика, сауда-саттық, инфрақұрылым, логистика соның бәрін шешуге мүмкіншілік болады деп санаймын. Орталық Азия мемлекеттеріндегі мәселелерді үшінші адамды шақырмай өзіміз шешуіміз керек.  Ел мен халықтың қарым-қатынасына бар жағдайды жасау үшін кездесеміз, басқа ойымыз жоқ", — деді Қазақстан президенті. 

Өз кезегінде Сооронбай Жээнбеков Елбасыға алғысын білдіріп, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі көрші елдер арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайта түсетініне сенімді екенін айтты.

Жаңалықтар
0