Саясат

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея бірлескен саммитке дайындалып жатыр

© AP Photo / Wong Maye-EСолтүстік Корея
Солтүстік Корея - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі ел делегациялары келіссөздер барысында алдағы саммиттің күн тәртібін талқылайды

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. КХДР мен Оңтүстік Корея делегациялары екі ел арасындағы саммитке дайындық туралы келіссөздерді бастады, деп хабарлайды РИА Новости.

Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп Солтүстік Корея басшысына не деп жауап берді?

Хабарланғандай, келіссөздер демилитаризацияланған аумақтағы Пханмунджом бекетінде Солтүстік Кореяның "Тхонильгак" ғимаратында өтіп жатыр.

Солтүстік Корея делегациясында үш адам, басшысы – Отанды бейбіт біріктіру бойынша комитет төрағасы Ли Сон Гвон. Оңтүстік Кореяның өкілі — Корея Республикасының ұлттық бірігуі істері бойынша министрі Чо Мён Гюн.

Кездесуде тараптар екі елдің біріккен саммитінің нақты күні мен күн тәртібіндегі мәселесін анықтайды.

Жаңалықтар
0