Монғолия

Елші Қытайдың Моңғолиядағы қазақтарға қарым-қатынасы қандай екенін айтты

1754
(Жаңартылды 16:54 30.03.2018)
Айтуынша, Моңғолиядағы қандастарымыз Қытайға визалық тәртіпте қатынап тұрады, бәрі заңмен реттелген

АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі Қалыбек Қобландин Моңғолиядағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астанада өткен брифингте журналистер елшіден Қытайдың Моңғолия қазақтарына қарым-қатынасы туралы сұрады.

"Моңғолиядағы қазақтардың Қытай өлкесіндегі қазақтармен қарым-қатынасы визалық тәртіппен заңды түрде жүргізіліп отырады. Екі өлкедегі қазақтар бір-бірімен байланысып тұрады", — деп қысқа қайырған Қобландин Қытайдың қазақтарға қысым жасауына қатысты ештеңе айта алмайтынын атап өтті. 

Есесіне, елші Моңғолиядағы қазақтардың қазіргі тұрмыс-тіршілігі, өмірі қандай екенін баяндап берді. 

"Қазіргі таңда Моңғолия парламентінде үш қазақ депутат отыр. Бірде-бір елде мұндай жоқ. Кезінде Моңғолияның екі елшісі де қазақтар болған. Министрдің орынбасары, департамент директорлары, ғылым саласында екі академик те қазақ ұлтынан. Ғылым, білім, медицина саласында өзінің талап-ынтасымен, білімділігімен көзге түскен қазақ азаматтарын жоғары көтермелеп отырады. Ешбір қысым жоқ", — деді ол. 

Қобландиннің айтуынша, қандастарымыздың басым бөлігі шоғырланған Баян-Өлгий аймағында қазақ тілінде оқытатын 43 мектеп бар. Балалар бесінші сыныпқа дейін қазақша оқып, кейін моңғол тілінде жалғастырады.

1754
Кілт сөздер:
қазақтар, Монғолия, Қазақстан
Загрузка...