Ақорда

Елбасы Саргсянды үкімет басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтады

13
(Жаңартылды 11:08 20.04.2018)
Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев Армения премьер-министрінің қызметіне табыс тіледі

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Серж Саргсянға Армения Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Ақорда.

"Сіздің саяси тәжірибеңіз бен кәсіби біліктілігіңіз Армения Республикасының өркендеуі мен дамуына септігін тигізетініне сенімдімін. 

Қазақстан мен Армения арасында орныққан достық ниеттегі қатынастар екі ел халықтарының игілігі жолында нығая түседі деп ойлаймын.

Сізге зор денсаулық және осы жауапты қызметте жаңа табыс, ал достас Армения халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін", – делінген жеделхатта.

13
Кілт сөздер:
жеделхат, Серж Саргсян, Назарбаев, Армения
Загрузка...