Саясат

Қазақстан рохинджа мұсылмандарына гуманитарлық көмек берді

© AP Photo / Bernat ArmangueРохинджа
Рохинджа - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылдың соңында Қазақстан үкіметі рохинджа босқындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін жарты миллион доллар бөлді

АСТАНА, 22 сәуір — Sputnik. Бангладешке уақытша орналастырылған рохинджа босқындарына Қазақстаннан гуманитарлық көмек берілді, деп хабарлады Қазақстанның Пәкістандағы елшісі Барлыбай Садықов.

Рохинджа - Sputnik Қазақстан
Әлем
Бангладеш рохинджа мұсылмандарын елсіз аралға қоныстандырмақ

Желтоқсанның соңында Қазақстан рохинджа мұсылмандарына гуманитарлық көмек, атап айтқанда, 500 мың доллар сомасында қаржы бөлгені белгілі болды.

"18 сәуірде ҚР Пәкістандағы елшілігі Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмегін Бангладеш Халықтық Республикасындағы Кокс-Базар қаласына жақын маңдағы аумаққа уақытша қоныстандырылған рохинджа босқындарына табыстады", — деп жазды Садықов Facebook-тегі жеке парақшасына.

Ол босқындардың жалпы саны бір миллион адамнан асатынын атап өтті.   

Рохинджа (рохинья) — XIX және XX ғасырдың басында Бирманың  Аракан штатына қоныстанған этникалық бенгал-мұсылмандар. Олар Ракхайн штаты халқының басым бөлігін құрайды, дегенмен олардың арасында Мьянма азаматтығын алғандар аз.   

Сириядағы соғыстан құтқарылған бала, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
СІМ Сирияда жүрген қазақстандық балалар туралы айтты

Мьянманың ресми билігі мен будда халқы рохинджаны Бангладештен заңсыз келген мигранттар деп есептейді. Олар мен жергілікті аракан-буддалар арасындағы қақтығыстың тарихи тереңде жатыр.  

Былтыр рохинджа содырлары Мьянма шекара бекеттері мен әскери бөлімдеріне шабуылдағаннан кейін Мьянма әскерилері жауап ретінде ауқымды операцияны бастаған болатын. Қанды қырғынның салдарынан соңғы бірнеше айдың ішінде жарты миллионнан астам рохинджа көрші Бангладешке қашып барды.  


Жаңалықтар
0