Биткоин монетасы. Иллюстративті фото

Назарбаев пен Возняк валюта жайлы әңгімелесті

53
(Жаңартылды 10:37 23.05.2018)
Елбасы С.Вознякқа Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін ризашылық білдірді

АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Apple" компаниясының негізін қалаушылардың бірі Стив Вознякпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін С.Вознякқа ризашылық білдіріп, оның пленарлық отырыста сөйлеген сөзінің мазмұнды әрі өзекті болғанын айтты.

Қазақстан президенті эмиссиялық орталықтар арқылы бақыланбайтын криптовалюталардың пайда болу себебі әлемде бір ғана валютаның үстемдік етуіне байланысты екенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан есеп айырысу кезінде ұлттық валютамен қатар басқа да валюталарды пайдаланатынын атап өтті.

С.Возняк осындай жоғары деңгейдегі іс-шараға қатысуға, жаһандық сын-тегеуріндерге қатысты өз ойын ортаға салуға мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Стив Возняк Астанада кездесті
© Foto : Ақорданың баспасөз қызметі
Нұрсұлтан Назарбаев пен Стив Возняк Астанада кездесті

– Валюталардың сымсыз байланыстан айырмашылығы, ешқашан универсалды болған емес. Дей тұрғанмен, криптовалюталардың үлкен артықшылығы олардың бақылауға алынбайтындығында, дамуының тежелмейтіндігінде және универсалды әрі жаһандық валютаға айналатындығында, – деді компания жетекшісі.

Кездесу барысында тараптар цифрландырудың жекелеген мәселелерін және криптовалюталарды дамыту перспективаларын талқылады.


53
Загрузка...