Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

25
(Жаңартылды 12:38 23.05.2018)
Қазақстан президенті Ресей басшысымен өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.

"Сочидегі 14 мамырда болған келіссөздердің жалғасы ретінде кейбір өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды", — делінген Кремль сайтындағы хабарламада.

Сочиде 14 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы болып, соның аясында Назарбаев пен Путин ресми емес кездесу өткізді. Сочиде Елбасы әріптесіне "Қазақстан үнемі бірге" екенін айтты.

25
Кілт сөздер:
өзара ынтымақтастық, Владимир Путин, Назарбаев
Ақорда

Тоқаев елшіні қызметінен босатты

12064
(Жаңартылды 13:33 07.08.2020)
Андриан Елемесов Мексикадан бөлек Қазақстанның Панама, Коста-Рика, Доминикан Республикасы мен Ямайкадағы елшісі болды

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Андриан Елемесовті Қазақстанның Мексикадағы елшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Біріккен Мексика штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстанның Доминикан Республикасындағы, Ямайка, Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Андриан Елемесов туралы не білеміз?

Андриан Көпмағамбетұлы 1963 жылы 10 шілдеде дүниеге келді.

1985 жылы Қазақ химиялық технологиялар институтын бітірген. Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері мен сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясының жанындағы құрылымдық бөлімше жетекшілеріне арналған курстардан өткен.

Ол 2015 жылдың тамыз айында Мексикада мен Панама, Коста-Рика, Доминикан Республикасындағы, 2018 жылдың қыркүйек айында Ямайкадағы төтенше және өкілетті елші болып тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Экс-елші Лукашенко Назарбаевтың отставкасы туралы не дегенін айтты

2008 жылы Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін Кавалер орденімен марапатталған.

12064
Кілт сөздер:
Қазақстан елшісі, елші
Тақырып бойынша
АҚШ Қазақстандағы биліктің ауысуы туралы не дейді – елші айтып берді
Тоқаев төрт елге жаңа елші тағайындады
Пиджагін шешіп, бір қолға тұра қалған елші президентті күлдірді - фото
Тасмағамбетовтің орнына келген жаңа елші туралы не білеміз?
Қазақстан және Ресей: Елші әріптестіктің басты бағыттарын атады
Бейрутегі жарылыс

Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды

187
Ливанда 200-ге жуық Қазақстан азаматы, оның ішінде, қазақ дипломаттары мен әскери қызметшілер тұрып жатыр   

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президенті Мишель Аунға телефон арқылы көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де хабарлады.

"Бүгін Ливан президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім", - деп жазды Тоқаев.

Ол Ливандағы 200-ге жуық Қазақстан азаматының, оның ішінде, қазақ дипломаттарының және БҰҰ-ның бітімгершілік күштері құрамында қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өтінді.

Оқи отырыңыз: Сыртқы істер министрі Тоқаев қандай тапсырма бергенін айтты 

"Ливан президенті осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргеніміз үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берді", - деп атап өтті президент.

Бейрут қаласындағы жарылыс

4 тамыз күні Ливан астанасындағы теңіз порт базасында бірнеше жарылыс болды. Жақын маңдағы және бірнеше шақырым қашықтықтағы үйлер, ғимараттар қирады.

Ливандық БАҚ жүздеген адам зардап шегіп, ондаған тұрғын қайтыс болғанын айтты.

Жарылыс пиротехника қоймасында болуы мүмкін деген болжам жасалды. Алайда Ливан қауіпсіздік қызметінің басшысы генерал Аббас Ибрагим мұны жоққа шығарып, жарылғыш заттар орнатылғанын мәлімдеп отыр.

Жарылыс толқыны салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келді. Ол кезде жұмыс аяқталған. Сондықтан дипломатиялық миссия қызметкерлері кеңседе болмапты. Бірақ жұмыста қалған Қазақстанның Ливандағы консулы Бағлан Сыпабек жарылыс болған кезде жарақат алды.

187
Кілт сөздер:
қауіпсіздік, жарылыс, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақсайда тазартқыш ғимаратта жарылыс болып, бөлімше бастығы көз жұмды
Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды
Ливанға аттанып бара жатқан Қазақстанның әскери дәрігерлері

Қазақстандық әскери дәрігерлер Ливан астанасына аттанды

7
Ливан астанасына аттанған әскери дәрігерлердің көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті – Қарулы күштер бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай, Қарулы күштердің жеке құрамынан құралған әскери дәрігерлер тобы Ливан астанасына аттанды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

29 медицина маманы мен 4 аудармашы бар топ Нұр-Сұлтан – Ақтау – Бейрут бағыты бойынша ұшты.

"Бүгін таңертең Бейрут портындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін әуе қорғаныс күштерінің әскери-көліктік авиация ұшағы Ливан астанасына аттанды. Әскери медицина қызметкерлерінің мақсаты зардап шеккендерге білікті медициналық көмек көрсету болып табылады", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, топ құрамында жоғары білікті хирургтер, травматологтар, нейрохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, сондай-ақ хирургиялық салаға бейімделген орта медициналық персоналдар бар. Олардың көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген.

Елдегі Covid-19 эпидемиясына байланысты топ құрамына инфекционист және терапевт дәрігерлер қосылмады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды

Айта кетейік, 4 тамыз күні Ливан астанасында әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портының маңында қуатты жарылыс болып, 150-ден астам адам қаза болды. Бес мыңға жуық адам жарақат алды. Алайда, ауруханаларда орын жетіспеуінен зардап шеккендер стационар жағдайында ем қабылдай алмауда.

7
Кілт сөздер:
әскерилер, көмек
Тақырып бойынша
Тоқаев әскери жағдайда өзінің өкілеттігін кеңейту мәселесін заңдастырды
Ақмола облысында әскери дәрігер пневмониядан көз жұмды
Әскери роботтар өндірісіндегі серпіліс
Ресейдің әскери дәрігерлері Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы госпитальдерде жұмысқа кірісті
Нұр-Сұлтанда иттің үргеніне ашуланған әскери қызметкер ерлі-зайыптының зәресін алды