Содырлардың архивтегі фотосы

Путин "Үшінші дүниежүзілік соғыс бола ма?" деген сұраққа жауап берді

1874
(Жаңартылды 13:12 08.06.2018)
Владимир Путин жетекші әскери державалар арасында стратегиялық тепе-теңдік орнағанын еске салды

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин "тікелей желі" барысында Үшінші дүниежүзілік соғыстың болу мүмкіндігі жайлы сұраққа жауап берді.  

"Меніңше, бұл ретте Эйнштейнді еске түсіруге болады, ол: "Үшінші дүниежүзілік соғыста адамзаттың қандай қару қолданатынын білмеймін, алайда төртінші дүниежүзілік соғыста адамдар қолына тас пен таяқ ұстайды" деді. Үшінші дүниежүзілік соғыс қазіргі өркениеттің түбіне жетуі мүмкін деген түсінік бізге халықаралық аренада қазіргі өркениетке аса қауіпті іс-әрекеттер жасауға тосқауыл болуы тиіс", — деді Путин.

Ресей президенті өңірлік соғыстар "онда да, мұнда да" тұтануы мүмкін екенін атап өтті, алайда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем бір-біріне құрмет көрсетуге мәжбүр болып отыр.   

"Десек те жаһандық қақтығыстар болған жоқ. Неге? Өйткені әлемде жетекші әскери державалар арасында стратегиялық тепе-теңдік орнады. Қанша жерден құлаққа түрпідей тисе де шындықты айтайын: бір-бірімізді жойып жібереміз бе деген қорқыныш жетекші әскери державаларды өктем іс-әрекеттер жасаудан тыйып, бір-бірін құрметтеуге мәжбүрледі", — деп жалғастырды Ресей президенті.

Оның айтуынша, АҚШ-тың Зымыранға қарсы қорғаныс келісімшартынан шығуы – осы стратегиялық тепе-теңдікті бұзуға деген талпыныс. Дегенмен Ресей қару-жарағының қазіргі жүйесі бұл тепе-теңдікті сақтайды, деген сенімде Путин.


1874
Ералы Тоғжанов

Вице-премьер әкімдерге тапсырма берді

44
Тоғжанов өңір басшыларына COVID-19-бен күресуде зардап шеккен медицина қызметкерлеріне өтемақының уақытылы төленуін қадағалауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру және карантинді кезең-кезеңімен алып тастауға дайындық жөніндегі шаралар кешені қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлердің басшыларына эпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылауда ұстауды және вирус жұқтыру көрсеткішін одан әрі төмендетуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, ол өңір басшыларына COVID-19-бен күресуде зардап шеккен медицина қызметкерлеріне өтемақының уақытылы төленуін қадағалауды тапсырды.

"Өңірлер мониторингтік топтар жұмысының тиімділігін арттыруы керек. Жағдайды одан әрі жақсарту үшін ведомстволар мен жергілікті билік желісі бойынша қосымша шараларды пысықтау керек. Тұрғындармен дерттің алдын алу шаралары, бірінші кезекте, маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауға қатысты жұмыс жүргізу керек", - деді вице-премьер.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 17 тамызға дейін күшейтілген карантин енгізілді.

44
Тақырып бойынша
Коронавирус пен тұмау: денсаулық министрлігі күзде не болатынын болжады
"Бұл вирус бізбен ұзақ уақыт болады": ДДҰ басшысы мәлімдеме жасады 
Қауіпті синдром – балаларда анықталып жатқан дерт туралы ақпарат жарияланды
Коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты
Қылмыстық іс қозғалды – Шымкенттегі оқиғаға қатысты ресми ақпарат шықты
Ақорда

Тоқаев Лукашенкоға жеделхат жолдады

697
(Жаңартылды 14:29 10.08.2020)
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да табысты дами беретініне сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Александр Лукашенконы Беларусь президенті болып қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.

"Саяси жағдайдың күрделі болғанына қарамастан сайлаудың қорытындысы халық Сіздің Беларусь мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға негізделген стратегиялық бағытыңызды қолдайтынын көрсетті", – делінген жеделхатта. 

Президент екі ел халқының игілігі үшін Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да табысты дами береді деп сенетінін жеткізді.

Оқи отырыңыз: Беларусьте президент сайлауынан кейін қақтығыс болды – видео 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға Беларусь Республикасының Президенті ретінде ойға алған барлық жоспарын толық жүзеге асыруды, ал Беларусь халқына бейбітшілік, өзара түсіністік пен өсіп-өркендеу тіледі. 

697
Кілт сөздер:
Александр Лукашенко, жеделхат, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынған қазақстандық ғалым қайтыс болды
Экс-министр сенат депутаттығына ұсынылды
Сенат сайлауы: кандидаттарға қанша ақша беріледі
Сенат сайлауы: кандидаттардың бірі қайтыс болды
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

0
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

0